Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде тіркелген жалпы дәрілік заттардың 15%-дан астамы отандық өндірушілер үлесіне тиесілі

Елде тіркелген жалпы дәрілік заттардың 15%-дан астамы отандық өндірушілер үлесіне тиесілі

Республикада 10 мыңнан астам дәріхана ұйымдары бар. 
Фото: Pixabay
"Өмірлік маңызы бар дәрілер" тізімінде елімізде отандық өнімдер үлесі 37% құрайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі таңда елімізде 10 мыңнан астам дәріхана ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде 2700-і ауылдық жерлерде орналасқан. Шалғай елді мекендерде 11 жылжымалы дәріхана пункттері жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындарына дәріханалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін келесі жылы жаңадан ашылып жатқан ауылдық медициналық ұйымдар базасында дәріхана пункттерін ашу жоспарлануда", – деді вице-министр.
Бүгінгі күні 2174 дәріхана тиісті дәріханалық тәжірибе (GDP) стандарттарына сәйкестігін растады.
Тимур Мұратовтың айтуынша, елімізде жалпы 20476 дәрілік зат пен медициналық бұйым тіркелген, олардың 15%-дан астамы қазақстандық өндірушілер үлесіне тиесілі.
"Ал, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған "өмірлік маңызы бар дәрілер" тізімінде елімізде отандық өнімдер үлесі 37% құрайды", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі.
11 қараша 2025 ж. 212 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031