Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді шалғай ауылдарға жылжымалы дәріхана пункттері баратын болады

Енді шалғай ауылдарға жылжымалы дәріхана пункттері баратын болады

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту туралы өткен Үкімет отырысы барысында айтты.

МСАК қызметі қалың жұртшылық, әсіресе ауыл тұрғындарына мейлінше жедел әрі қолжетімді болуы үшін министрлік атқарылуы тиіс бірқатар шара жоспарын құрды. Ең алдымен, МСАК ұйымдарындағы медициналық қызмет көлемі қолжетімділігін арттыру, МСАК ұйымдары инфрақұрылымын жолға қою, денсаулық сақтау жүйесіндегі кадр әлеуетін арттыру, цифравизацияны дамыту, нормативті-құқықтық акт және қаржыландыру жүйесін жетілдіру керек, - деді министр.
Оның айтуынша, МСАК ұйымдарындағы медициналық қызмет көлемінің қолжетімділігін арттыру мақсатында үздік тәжірибе аймақтық орталықтарын дамыту қолға алынған. Сонымен қатар профилактиканың (мысалы, халықты профилактикалық тексеру әдісі – Check-Up) жаңа әдістері де ескерілетін болады.
Ауруларды бақылау бағдарламаларының аясы кеңейтіліп, мектеп медицинасы қосылатын болады. Сондай-ақ, тәуелсіз медбике тәжірибесін (тәуелсіз медбике қабылдауы) де кеңейту жоспары бар. Медициналық қызмет көлеміне қолжетімділікті арттыру мақсатында патронажды прогрессивті моделін жүзеге асырылып, медициналық қызметтер тарифі жетілдіріледі. Ал, медициналық қызметтер шалғай жатқан елді мекен тұрындарына қолжетімді болуы үшін жылжылмалы медициналық кешендердің көмегімен ауыл тұрғындарын барынша қамту қолға алынбақ. Сонымен қатар жылжымалы дәріхана пункттері енгізіледі, - деді ол.

02 наурыз 2021 ж. 2 651 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031