Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат мектептерде смартфон қолдануға шектеу енгізуді ұсынды

Депутат мектептерде смартфон қолдануға шектеу енгізуді ұсынды

Фото: unsplash.com
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептерде смартфон қолдануға шектеу енгізуді ұсынды.
Депутаттың айтуынша, НИШ пен БИЛ секілді алдыңғы қатарлы білім ордалары ұялы телефонды қолдануға шектеулер қойған. Бұл басқа мектептерге де үлгі болуы тиіс.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері, Білім-Инновация лицейлері және тағы да бірқатар алдыңғы қатарлы білім ордалары мектеп ішінде смартфон қолдануға шектеу енгізді. Басқа мектептер ше? Неліктен осы қадамға бармай отыр? Заң жүзінде біз оларға мұндай мүмкіндік бердік. Зерттеулер жеткілікті. Көшбасшылық деген - дәл осындай кезде көрінеді. Қиын болса да, дұрыс шешім қабылдау. Өйткені бұл - оқушының зейіні, денсаулығы, мінезі және тәртібі туралы мәселе», - деді депутат.
Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына смартфондар, планшеттер және смарт-сағаттар сияқты құрылғыларды пайдалануға тыйым салатынын айтқан.
НИШ бұл шешім халықаралық зерттеулерге негізделгенін атап көрсетеді. Енгізілген ережеге сәйкес, смарт-құрылғыларды сабақ кезінде де, үзілістерде де пайдалануға болмайды.
Ата-аналармен байланыс қажет болған жағдайда оқушыларға кнопкалы телефон немесе мектептегі стационарлық телефон арқылы байланысу мүмкіндігі қарастырылған.
11 қараша 2025 ж. 163 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031