Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сіз не дейсіз?»: Асхат Аймағамбетов мектепте телефон қолдануға тыйым салу туралы талқылау бастады

«Сіз не дейсіз?»: Асхат Аймағамбетов мектепте телефон қолдануға тыйым салу туралы талқылау бастады

Ол Назарбаев Зияткерлік мектептері смартфон қолдануға шектеу қойғанын хабарлады
Фото:
istockphoto.com
Депутат Асхат Аймағамбетов «оқушылардың мектепте телефон ұстауына заңмен тыйым салу керек пе, жоқ па?» деген талқылау бастады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Депутат бұл ойын әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, халыққа біраз ақпарат берген.
«НЗМ басшылығы мектептерде смартфон қолдануға шектеу қою туралы батыл да орынды шешім қабылдады. Бұл – жеңіл шешім емес. Бірақ бүгінде еліміздің көптеген мектептері осындай ережелерді енгізіп, сол бағытқа бет бұрып жатыр. Мұндай бастаманы бірден түсініп, қолдай қою барлық ата-ана мен оқушы үшін оңай емес. Бірақ уақыт өте келе қоғамда бұл шешімнің мәні мен маңызын терең ұғынатын түсіністік қалыптасады», - дейді ол.
Депутаттың мәліметіне сүйенсек, қазір дамыған елдердің жетекші мектептері әлдеқашан смартфонға тыйым салған және бұл шешім нақты нәтижесін берген.
«Тіпті кейбір Еуропа мемлекеттері бұл шектеуді заңмен бекіткен. ЮНЕСКО деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың соңына қарай әлемдегі білім беру жүйелерінің 40 пайызы мектептерде смартфон қолдануға ресми түрде шектеу енгізген. Бұл– технологиямен күрес емес, ол баланың ойын бөлмейтін, зейінін шашыратпайтын, шынайы білім мен қарым-қатынасқа жол ашатын орта қалыптастыруға бағытталған қадам. Ал сіз не дейсіз? Осындай шешімді Қазақстан мектептері үшін қолайлы деп есептейсіз бе?», - деп жазған Аймағамбетов.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Оңтүстік Кореяда сыныпта ұялы телефонды және басқа да цифрлық құрылғыларды пайдалануға тыйым салатын заң келесі жылдың наурыз айында күшіне енеді.
04 қыркүйек 2025 ж. 49 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 152

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930