Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылардың ChatGPT-ді пайдалануын шектеу керек — депутат

Оқушылардың ChatGPT-ді пайдалануын шектеу керек — депутат

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мектеп оқушыларына жасанды интеллектіні пайдалануға шектеу енгізуді ұсынды.
Фото: Мәжіліс
— Әрине, технологияның дамығаны жақсы ғой, бірақ уақыт өте келе мұның бәрі миымыздың шектелуіне әрі оның ойланбауына алып келетін секілді. Қазірдің өзінде мектеп оқушылары арасында ешқандай тапсырманы орындамай, жасанды интеллект — Chat GPT-ге салып, тапсырманың барлығы осы екен деп отыра береді. Менің ойымша, мектеп жасындағы оқушыларға қандай да бір шектеулер қойылуы керек сияқты, — деді депутат Дәулет Мұқаев Парламент Мәжілісінде ЖИ туралы заң жобасын талқылау кезінде.

Оның пайымынша, бұл шектеулер болмаса, кейіннен оның салдары өскелең ұрпақ үшін кері әсерін тигізеді.

— Егер шектеу қойылмаса, ертеңгі күні оқушыларымыз студент болып, кейіннен еңбек нарығына араласқан кезде, соның зардабын 20 жылдан кейін көреміз. Мұны елімізге келе жатқан үлкен қауіптің бірі деп санаймын. Заң жобасын жұмыс тобында қарастыру кезінде осы ұсынысқа мән беру керек, — деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінде «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат таныстырылды. 

Заң жобасы аясында дипфейктерді құру әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік жазасын енгізу мүмкіндігі талқыланады. 

03 наурыз 2025 ж. 185 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930