Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Amanat: Әйелдерді қолдау стандарты аясында зерделеу жүргізілді

Amanat: Әйелдерді қолдау стандарты аясында зерделеу жүргізілді

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты әзірлеген Әйелдерді қолдау стандарты әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды бастама. Бұл стандарт жұмыс орындарында гендерлік теңдікті нығайтып, әйелдер үшін қолайлы жағдай қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ, әйелдердің басқаруға, ресурстарға және жаңа мүмкіндіктерге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Партияның Қазалы аудандық филиалымен ауданда жүргізілген зерделеу нәтижесінде Қазалы локомотив жөндеу зауыты, «Рза – Нан» ЖШС және «Рза – Асыл Түлік» ЖШС талаптарға толық сәйкес келетіні анықталды. Аталған кәсіпорындарда әйелдердің кәсіби дамуына жағдай жасалып, олардың еңбек пен отбасылық міндеттерді қатар алып жүруіне қолдау көрсетіліп отырғаны байқалды. Бұл мекемелер жұмыс беруші ретінде әлеуметтік жауапкершілікті жоғары деңгейде көрсетіп отыр.

Мониторинг барысында әйел қызметкерлермен пікір алмасып, олардың еңбек жағдайына қанағаттанатыны расталды. Қызметкерлер өздерінің еңбегі бағаланып, қолдау көрсетіліп отырғанын ерекше атап өтіп, мұндай зерделеу жұмыстары үшін партияға алғыстарын білдірді.

Зерделеу жұмыстарына аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов, партия филиалының сарапшысы Алтынай Кенжалиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Бағдат Жүсіпов, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Мұратбай Бекмағамбет және аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің әдіскері Гүлфариза Күзембаева қатысты.

#AMANAT
22 тамыз 2025 ж. 126 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031