Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей Қазақстанға 136 млрд теңге өтемақы төледі

Ресей Қазақстанға 136 млрд теңге өтемақы төледі

Ядролық қарусыздану бағдарламасы аясында Ресей әскери оқтұмсықтардан уран алып, Қазақстанға 136 млрд-тан аса теңге көлемінде өтемақы төледі. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz «Казахстанская правда» газетіне сілтеме жасап.
«Уәкілетті органдардың алдында ядролық қарусыздану бағдарламасы аясында Ресей тарапы әскери оқтұмсықтардан алған отандық уранның үлесі үшін Қазақстанға өтемақы беру мәселесі тұрды. Нәтижесінде бюджетке 136,1 млрд теңге түсті», - дейді ҰҚК төрағасы мақалада. Кәрім Мәсімов Орта Азиядағы мемлекеттің бірінің арнайы қызметімен бірлесіп, «трансұлттық қылмыстық топтың жолы кесілгенін» атап өтті. Олар ядролық материалдарды заңсыз сатумен айналысқан. «2020 жылдың өзінде барлау қызметі экономикалық даму бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың, қаржы-өнеркәсіптік топтар мен трансұлттық компаниялардың қызметін бақылау аясында мемлекетке 925,3 млрд теңге көлемінде экономикалық залалдың алдын алды, бюджетке 147,23 млрд теңге сомасында түсім түсті», - деді Мәсімов.
13 шілде 2021 ж. 6 307 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930