Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Илон Маск Twitter-ді сатып алды

Илон Маск Twitter-ді сатып алды

Тесла компаниясының бас атқарушы директоры, әлемдегі ең бай адам Илон Маск Twitter-ді сатып алды. Илон Маск дүйсенбіде (25 сәуір) Twitter-ді сатып алу туралы келісімге қол қойды.

"Сөз бостандығы- жұмыс істеп тұрған демократияның негізі, ал Twitter - адамзаттың болашағы үшін маңызды мәселелер талқыланатын цифрлық алаң" деді Маск сатып алудан кейінгі мәлімдемеде.
Маск Twitter-дің алгоритмдерді ашық болатынын айтты. Маск бұған дейін адамдардың не көретінін және Twitter-де мазмұнның қаншалықты кең таралатынын анықтайтын бағдарламалық құралды ашу керектігін жеткізген. Сонымен қатар, әлемдегі ең дәулетті адамның пікірінше, Twitter оның меншігіне өткен соң, спам-боттар жоғалады. Масктың сұхбаттарында жария еткен тағы бір көздеген жоспары- Twitter-дегі боттардың таралуымен күресу, белгілі бір тақырыптардағы твиттерге жауап беруге бағдарламаланған жалған аккаунттармен күресу.
"Егер біздің Twitter-дегі ұсынысымыз сәтті болса, біз спам-боттарды жеңеміз!" деген Маск өткен аптада Twitter-де барлық "шынайы адамдардың түпнұсқалығын растауды" қалайтынын айтты.
"Барлық адамдарды аутентификациялау арқылы Twitter-ді бұрынғыдан да жақсартқым келеді" деді ол.
Оған қоса, ол Twitter-дің төлем жүйесі үшін криптовалюта (Dogecoin) қолданылуы мүмкін екенін айтты.
Компанияның директорлар кеңесі Илон Масктың әлеуметтік медиа алыбын жекеменшікке алу туралы 44 миллиард долларлық ұсынысын бірауыздан қабылдағаннан кейін Twitter акциялары 5%-дан астам қымбаттады.
Ақ үй бұл келісім туралы пікір сұраған сауалға түсініктеме беруден бас тартты, дегенмен АҚШ президенті Джо Байденнің әлеуметтік медиа платформаларының күшіне көптен бері алаңдағанын айтты.
"Біздің алаңдаушылықтарымыз аяқ астынан болған жоқ" деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки. "Платформалар жауапкершілікке тартылуы керек" деп қосты ол.
"Президент әлеуметтік медиа платформаларының, соның ішінде Twitter және басқалардың жалған ақпарат тарату күші туралы алаңдаушылықтары туралы көптен бері айтып келеді" деген Ақ үй.
Ал, республикашылдарды, әсіресе Трампты қолдайтын Fox News сияқты басылымдар Илон Масктың сатып алуын құптайтын жаңалықтар таратуда.
26 сәуір 2022 ж. 856 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930