Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕАЭО ғылыми атақтарды өзара тану туралы халықаралық келісім әзірледі

ЕАЭО ғылыми атақтарды өзара тану туралы халықаралық келісім әзірледі

© Sputnik/Ертай Сарбасов
Еуразиялық экономикалық одақта ғылыми атақтарды өзара тану туралы халықаралық келісім әзірленді, деп хабарлайды Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі.
Қазіргі кезде сарапшылар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру рәсімдерін оңайлату шеңберінде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы халықаралық шарттың жобасы талқылауға кірісті. Бұл шаралар ортақ еңбек нарығын дамыту аясында қолға алынып отыр.
"Бүгінгі таңда профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) және аға ғылыми қызметкер ғылыми атақтары бар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасы бойынша тану рәсімдерінен өтуге мәжбүр. Әзірленіп жатқан халықаралық шарт ғылыми атақ иелерін тиісті рәсімдерден өту қажеттілігінен босатуға мүмкіндік береді", - дейді министрлік мамандары.
ЕАЭО елдері ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі және ғылыми атақтарды өзара тануға қажетті басқа да өлшемшарттарды келісіп алады. Ал уәкілетті ұйымдар ғылыми атақтар туралы құжаттарды тану мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасып отырады деген жоспар бар. Барлық ақпарат, соның ішінде нормативтік-құқықтық актілер, ғылыми атақтардың тізбесі мен үлгілері, белгіленген ғылыми аттестациялар туралы мәліметтер сол ұйымдардың сайттарында жарияланады.
20 маусым 2024 ж. 177 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031