Кәсіпкерлік нысандардың ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қолжетімділігі зерделенді
Бүгін Әйтеке би кентінде жаңадан ашылған бірқатар кәсіпкерлік нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді. Іс-шара «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылды.Мониторинг жұмыстарына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының меңгерушісі Мерей Тілеубай және аудандық партия филиалының консультанты Ернұр Кама қатысты.
Зерделеу барысында нысандарда пандустың болуы, кіреберіс алаңының ыңғайлылығы, арнайы белгілер мен шақыру батырмаларының орнатылуы сияқты талаптар қаралды. Сонымен қатар, кәсіп иелеріне кедергісіз орта қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы нұсқамалар қамтылған үнпарақтар табысталды.
#AMANAT














