Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Смартфондарды бұғаттау: жаңа мәлімет айтылды

Смартфондарды бұғаттау: жаңа мәлімет айтылды

Wongphoto/depositphotos.com
Қазақстанда жеке тұлғалар үшін смартфондарды тегін верификациялау мерзімі 25 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, елге 25 наурызға дейін әкелініп, ұялы байланыс желісіне қосылған смартфондарға міндетті верификация жүргізілмейді.
"25 наурызға дейін әкелініп, еліміздің азаматтары қолдана бастаған барлық смартфон верификацияланған болып саналады. Олардың IMEI-кодтары автоматты түрде "ақ" тізімге енгізілді", – деді Сейсембеков ОКҚ брифингінде.
Бизнес өкілдері мен халықтан түскен өтініштердің көп болуына байланысты кәсіпкерлер үшін смартфондарды заңдастыру мерзімі бұған дейін 25 мамырға дейін ұзартылған болатын.
"Бұл мерзімді 25 наурызға дейін телефондарды әкеліп, бірақ сата алмай қалған бизнеске бердік. Мұндай құрылғылар қоймада немесе сөрелерде тұрған, бірақ желіге тіркелмеген болуы мүмкін. Біз сатып алушыларға тәуекел болмас үшін бұл құрылғыларды базаға енгізу мүмкіндігін қарастырдық", – деді комитет төрағасы.

25 мамырдан бастап импорттаушылар үшін тегін верификация тоқтатылады. Әр құрылғының заңды жолмен әкелінгенін дәлелдеу талап етіледі. Сонымен қатар министрлік жеке тұлғалар үшін верификациялау мерзімін тағы бір айға ұзарту туралы шешім қабылдады.
"Әлеуметтік шиеленісті болдырмас үшін жеке тұлғаларға арналған құрылғыларды тегін верификациялау мерзімі 25 маусымға дейін ұзартылды. Егер сіз, мысалы, ақпанда немесе сәуірде телефон сатып алып, оны қосып үлгермеген болсаңыз немесе шетелден әкелген болсаңыз, 25 маусымға дейін тегін верификациядан өте аласыз. Бір адамға екі құрылғыға дейін верификация жасауға рұқсат. Бұл eGov Mobile порталы арқылы жүзеге асырылады", – деді Сейсембеков.
Ол верификацияның заңсыз әкелінген, қалпына келтірілген немесе ұрланған құрылғыларды сатудан қорғау үшін қажет екенін еске салды.
Еске салайық, 11 ақпанда Цифрландыру министрлігі мобильді құрылғыларды тіркеу ережелерінің жаңартылғаны туралы хабарлаған болатын. 24 наурыздан бастап Қазақстанда ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеудің ақ, сұр және қара тізімдері енгізілді.
21 мамыр 2025 ж. 159 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930