Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2025 жылғы 24 маусымда судья мен сот қызметкерін күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құттықтау мәтінін Ақорданың Telegram арнасы ұсынды:
"Құрметті Судьялар және сот қызметкерлері Биыл – сот төрелігін атқаруға жауапты азаматтар үшін айрықша маңызды жыл. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын ел егемендігінің, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мызғымас тірегі саналатын Қазақстан Конституциясы қабылданды."
Президент
Президенттің сөзінше, қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқарады.
"Сондықтан біз осы стратегиялық маңызы бар салада жүйелі түрде реформа жүргізіп келеміз. Сот ісі жетілдіріліп, басқару үдерістері оңтайландырылып, осы салаға цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Бұл қадам азаматтардың және бизнестің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған институционалдық мүмкіндігін едәуір аттырады."
Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысының сөзінше, жұртшылықтың әділдікке деген сенімі көбінесе судьялардың кәсіби біліктілігіне, кез келген істі қараған кезде ұстанымына берік болып, бейтараптық таныта алуына тікелей байланысты.
"Осы маңызды әрі жауапты миссия терең құқықтық білімді, заң үстемдігін үнемі бәрінен биік қоюды талап етеді. Сот қызметкерлері мен ардагерлеріне қажырлы еңбегі мен өз кәсібіне адалдығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер Әділетті Қазақстанды құру ісіне өлшеусіз үлес қоса бересіздер деп сенемін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!"
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстанда 2022 жылдың сәуір айында мемлекеттік мерекелер тізіміне Судьялар және сот қызметкерлері күні қосылды. 24 маусымда атап өтілетін жаңа мерекенің пайда болуы қазақстандық судьяларға "алғыс ретінде" ақталды.
24 маусым 2025 ж. 237 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 122

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031