Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді
Сурет: pexels"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздегі қолайсыз метерологиялық жағдайларға қатысты ескерту жасап, өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"16 мамырда Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.









