Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Неге тарифтер қымбаттап жатыр, бірақ сапасы төмен? Министр жауабы

Неге тарифтер қымбаттап жатыр, бірақ сапасы төмен? Министр жауабы

Фото:depositphotos.com
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтен ұялы байланыс операторлары тарифтерді көтеріп жатқанына қарамастан байланыс сапасы неге жақсармайтыны сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
"Қазақстандықтар байланыс сапасына шағымданып жатыр. Осыған қарамастан ұялы байланыс операторлары тарифтерді көтеріп, ол жайлы тек хабар жіберіп отыр. Неге тарифтер өскенде байланыс сапасы жақсармайды?" – деп сұрады Tengrinews.kz.
Жаслан Мәдиев байланыс сапасындағы мәселелер "кейде" ақ дақтарға байланысты туындайтынын айтты.
"Себептері – жаңа аудандардың пайда болуы, қаланың кеңеюі, белсенді құрылыс, жаңа ғимараттардың салынуы. Ұялы байланыс операторлары базалық станцияларды орнату, электр энергиясын тарту, антенна-мачталық құрылыстар салу мәселелерін жедел шешуі керек. Бұл біраз уақыт алады. Егер шағымдар болса, азаматтар e-otinish жүйесі арқылы жүгінеді. Біз әрекет етеміз, тексереміз, нұсқама береміз. Орындамаса – айыппұл саламыз", – деді министр.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі, өйткені министрлік "азаматтар үшін байланыс сапасын үнемі жақсартуға" ниетті.
"Біз оларды (операторларды – еск.) бақылап отырамыз, бізде радиожиіліктер қызметі бар, ол (байланыс сапасын – еск.) өлшейді. Минималды шекті мәнге, секундтағы мегабиттер санына, байланыс сапасына қатысты нормативтік талаптар бар. Олар бұзылса – шара қолданамыз. Айыппұлдар бойынша үнемі қатаңдату жұмыстарын жүргізіп отырмыз, нормативтік-құқықтық актілерге – 3-5 есе арттыруды енгізіп жатырмыз. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп қосты министр.
27 маусым 2025 ж. 247 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 38

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031