Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Киік еті зерттелді: жесе не болады?

Киік еті зерттелді: жесе не болады?

Фото: depositphotos.com
Қазақ тағамтану академиясы киік етінің тағамдық құндылығына зерттеу жүргізді. Ғалымдар оның химиялық құрамын, нутриенттер мөлшерін және өнімді тағам рационында қолдану мүмкіндігін қарастырды, - деп хабарлайды Tengri Life.
Киік еті неге зерттелді?
Киіктер саны қоғамда әрдайым пікірталас тудыратын тақырып. Алайда кейінгі жылдары бұл сирек кездесетін жануарлар популяциясы артқан жағдайда, талқылау басқаша сипат ала бастады: егер азайту қажет болса, бұл ресурсты пайдалы жолмен қолдануға бола ма
"Киік еті - бұл табиғи ақуыз, дәрумендер мен микроэлементтердің концентраты, әлемдегі ең жақсы диеталық өнімдермен бәсекелесе алатын тағам", - дейді медицина ғылымдарының докторы, Қазақ тағамтану академиясының президенті Алмаз Шарман.
Химиялық талдау нені көрсетті?
Экология министрлігінің тапсырысы бойынша, Тағамтану академиясы киік етінің құрамына кешенді зерттеу жүргізді. 100 грамм етте:
20 грамм ақуыз;
9 грамм май;
D дәрумені - 9,2 микрограмм/100 грамм (тәуліктік мөлшердің шамамен 100 пайызы);
B5 дәрумені - 8 миллиграмм (тәуліктік мөлшердің 160 пайызы);
Темір - 3,9 миллиграмм;
Мырыш - 6 миллиграмм;
L-карнитин - 132 миллиграмм.
favicon
kfc.kz
Өту
Сондай-ақ құрамында магний, селен және B тобы дәрумендері бар.
"Жоғары сапасы мен органикалық табиғатының арқасында киік еті еуропалық диетологиядағы балық немесе аң еті секілді функционалды өнім ретінде рационға енгізілуі мүмкін", - дейді Шарман.
Киік еті кімдерге пайдалы
Мамандардың пікірінше, киік еті D дәрумені, темір және сапалы ақуыз тапшылығы бар адамдар үшін пайдалы бола алады. Ең алдымен:
балалар;
жүкті және бала емізетін әйелдер;
қарттар;
физикалық және интеллектуалдық жүктемесі жоғары адамдар;
теңіз өнімдеріне қолжетімділігі шектеулі аймақ тұрғындары.

02 шілде 2025 ж. 352 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031