Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылдан бастап қазақстандықтар баспанасын апаттан сақтандыруға міндеттелмек

2026 жылдан бастап қазақстандықтар баспанасын апаттан сақтандыруға міндеттелмек

Фото: depositphotos.com
Қазақстандықтар келесі жылдан бастап баспанасын апаттан сақтандыруға міндеттелмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Сақтандыру құны 50 мың теңгеге дейін болады жоспарланған. Вице-премьер бұл қалалықтар үшін қолжетімді сома деп санайды. Ал ауыл халқына 1 мың теңге шамасында болады дейді. Қызмет құны мүліктің үлкен-кішілігіне, орналасқан аймағына қарай белгіленбек.
“Үлкен-үлкен қымбат үйлердің иелері егер жылына 50 мың теңге төлесе ол қолжетімді, қолайлы болады деп ойлаймын. Ал егер қарапайым үйлер болса, мысалы ауылдық жерлерде 1-2 мың теңге болатын болады. Одан жоғары болмайтын шығар, менің ойымша”, – дейді Қанат Бозымбаев.
Бозымбаевтың сөзінше, халық берген ақшаны мемлекет өзі басқарады. Қаржы нарығын реттеу агенттігіне бағынатын мемлекеттік сақтандыру компаниясы құрылмақ.
“Сақтандыру компаниялары келісімшартқа қарай өтемақы төлейді. Алайда қомақты шығынды өтеп бере алатындай жағдайда емес. Ал мемлекет абыройына нұқсан келтіргісі келмейді. Сол себепті де қаржыны жинау мен басқаруды өз жауапкершілігіне алмақ”, – дейді сақтандыру компаниясы басшысының орынбасары Шыңғыс Әміржанов.
Бозымбаевтың айтуынша, бұл тәртіп табиғаттың 3 апаты төніп тұрған елді мекендерді ғана қамтиды. Яғни, су басу, орман өрті және жер сілкінісі қаупі жоғары өңірлерде ғана талап етілмек.
Еске салсақ, 2024 жылы 11 маусымда үкімет халықты табиғи апаттан қорғауға бағытталған тиісті заң жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдаған еді. “Ашық НҚА" порталында жарияланған заң жобасында мұндай сақтандырудың жылдық құны 1 мың теңгеден 20 мың теңге аралығында болуы мүмкін екенін жазған едік.
08 тамыз 2025 ж. 258 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031