Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бірнеше өңірінде үсік, тұман, шаңды дауыл күтіледі

Еліміздің бірнеше өңірінде үсік, тұман, шаңды дауыл күтіледі

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото:
Pixabay
9 қазан күні Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы қолайсыз болады. Алматы мен Жамбыл облыстарында түнде үсік жүрсе, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстанда тұман түседі. Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғып, бірнеше өңірде екпіні күшті жел тұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 09 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ:. 09 қазанда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 09 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 09 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 09 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.


09 қазан 2025 ж. 201 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 133

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031