Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалтарыстағы қызмет – құрметке лайық

Қалтарыстағы қызмет – құрметке лайық

9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні. Заман талабына сай түрленіп, қызмет ауқымын кеңейткен пошта саласы бүгінде қоғам тіршілігінің маңызды буынына айналды. Электронды технологиялар дамыған кезеңде де пошта өз өзектілігін жоғалтпай, әсіресе ауылдық жерлерде халық пен мемлекет арасындағы сенімді дәнекер болып отыр. Хат-хабар жеткізіп қана қоймай, зейнетақы, жәрдемақы, баспасөз басылымдарын таратуда да пошта қызметкерлерінің еңбегі ерен.
Осыған орай ауданында Дүниежүзілік пошта күніне арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, пошта саласының ардагерлері мен қазіргі буын қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, поштаның қоғамдағы маңызына, осы салада аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың жауапкершілігіне тоқталды.
– Пошта – қоғам мен адамдар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды сала. Бүгінде Қазалы аудандық пошта торабында 17 байланыс бөлімшесі жұмыс жасайды, онда 56 азамат қызмет атқаруда. Сіздердің еңбектеріңіз – халықты байланыстырып, алысты жақын етіп, қуаныш пен жақсы жаңалықты жеткізетін абыройлы қызмет. Төтенше жағдай мен карантин уақытында барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, күннің ыстық-суығына қарамай аудан тұрғындарына хаттарды және баспасөз басылымдарын дер кезінде жеткізіп жүрген хат тасушыларымыздың да еңбегі зор. Сондықтан да қиындығы мен қызығы қатар жүретін еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.
Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары сала ұжымына аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың ыстық ықыласқа толы құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар пошта саласында ұзақ жыл еңбек етіп, абыройлы қызметімен ерекшеленген бірқатар ардагерлер мен қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ, пошта саласының ардагерлері Телағыс Меркеев, Зоя Қыдырниязова және Қазалы аудандық пошта торабының басшысы Айдос Қуандық сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, елеп-ескеріп, ілтипат білдірген аудан басшылығына ризашылықтарын жеткізді. Салтанатты шараның соңында Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығының өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, бүгінде Қазалы аудандық пошта торабы тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, цифрландыру бағыты бойынша да ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
Арайлым ЖҮСІПОВА
11 қазан 2025 ж. 186 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 38

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031