Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде пошташыларға қойылатын талаптар жаңартылды

Елімізде пошташыларға қойылатын талаптар жаңартылды

Бұйрық 2025 жылғы 29 шілдеде күшіне енеді. 
Фото: canva.com
2025 жылғы 20 маусымдағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен пошта қызметкерлерінің қызметтік талабына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжатта пошта вагондарының жолсерік-электромонтері жұмысының сипаттамасы берілген:
- пошта вагонына қызмет көрсету және оны таза күйде ұстау;
- жылыту, сумен жабдықтау, электр жабдығы, желдеткіш, тоңазытқыш қондырғылары, шаң тазалағыш үстелдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және ақауды жою;
- пошта вагонын рейске жіберер алдында техникалық тексеруге қатысу;
- пошта өңдеу және алмасу процесіне қатысу;
- корреспонденцияға штемп жасау;
- пошта тізімін тексеру, сақтандыру қаптарын ашу және жабу, пошта қабылдау және тапсыру;
- пошта алмасу кезінде және жолда оның сақталуын қамтамасыз ету.
Сондай-ақ пошташы жұмысының сипаттамасы:
- пошта жөнелтілімдерін және мерзімді басылымдарды мекенжайға жеткізу;
- корреспонденция, мерзімді басылымдар, зейнетақы тапсырмалары мен ақшаларды алу;
- жеткізуге арналған жөнелтілімдер мен мерзімді басылымдарды сұрыптау және дайындау;
- пошта жөнелтілімдерінің барлық түрін, зейнетақыны, ақша аударымдарын, мерзімді басылымдарды, телеграммаларды мекенжайға жеткізу;
- клиенттерге мекенжай, пошта қабылдау мен тапсыру, пошта мен телеграф операцияларының уақыты туралы түсіндіру;
- мекенжайы өзгерген азаматтар туралы анықтама жинау және жеткізілмеген пошта жөнелтілімдерін рәсімдеу;
- тіркелген пошта жөнелтілімдерін тапсыру туралы хабарламаларды рәсімдеу;
- мерзімді басылымдарға арналған жеткізу карточкаларын сұрыптау және жеткізу маршруттарын жасау;
- жеткізілген тіркелген пошта жөнелтілімдері мен телеграммаларға құжаттама рәсімдеу;
- тұрғындардан хаттарды қабылдау;
- пошта төлем белгілерін сату;
- поштаға ілесіп жүру және пошта алмасу;
- бастапқы пункттен пошта мен мерзімді басылымдарды алу;
- жөнелтілімдермен алмасу және соңғы пунктке тапсыру, оның ішінде тиеу және түсіру;
- абоненттік жәшіктер мен тірек пункттердің техникалық жағдайын бақылау, қызмет көрсетілетін жеткізу учаскесінің абаттандырылу жай-күйін (елді мекен атаулары мен көше атауларын реттеу, үйлерді нөмірлеу, кіреберістерді жарықтандыру және т.б.) қадағалау және кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау.
Пошташы білуі тиіс:
- пошта жөнелтілімдерінің түрі мен санаты;
- пошта жөнелтілімдерінің, мерзімді басылымдар мен телеграммалардың жеткізу тәртібі;
- зейнетақы мен жәрдемақыны жеткізу тәртібі, сондай-ақ үйге байланыс қызметін ұсыну тәртібі;
- қызмет көрсетілетін учаскедегі көшелер, үйлер мен пәтерлердің орналасуы;
- пошта жөнелтілімдері мен телеграммаларды жеткізу мерзімі;
- пошта және телеграф қызметінің тарифтері;
- поштаға ілесіп жүру, алмасу және сақтау бойынша нұсқаулықтар мен тәртіптер;
- маршрут бойынша көлік қозғалысының кестесі;
- тұрғындардан телеграммаларды қабылдау тәртібі;
- қалалық пошташылар үшін тіркелген пошта жөнелтілімдері мен телеграммаларға құжаттама рәсімдеу тәртібі.
Біліктілік разрядтары:
- Бір жеткізу учаскесін қызмет көрсету, әрі 1–2 учаскедегі пошташыларды алмастыра алса - 2-разряд;
- Бір учаске және 3–4 учаскедегі пошташыларды алмастырса - 3-разряд;
- Бір учаске және 5 немесе одан көп учаскедегі пошташыларды алмастырса - 4-разряд.
Ауыл пошташылары үшін:
- Бір учаскені қамту, тапсырысты пошта қабылдау, радиоторапқа төлем алу, газет-журналға жазылу, 50 шақырымға дейінгі маршрутта поштаға ілесіп жүру және телеграммаларды жеткізу 2-разряд;
- Бір учаске, 1–2 учаске бойынша алмастыру, барлық пошта түрін үйден қабылдау, 50–100 шақырымдық маршруттағы пошта алмасу, категориялық телеграммаларды жеткізу, анықтамалық телеграммалар бойынша мекенжай анықтамасы, телеграммаларды қабылдау 3-разряд;
- Бір учаске, 3 және одан көп учаске бойынша алмастыру, үйден құнды хаттар, бандерольдер мен сәлемдемелер қабылдау, 100 шақырымнан асатын және қалалық маршруттардағы пошта мен сақтандыру қаптарына ілесіп жүру, үкіметтік корреспонденцияны жеткізу, телеграммаларды тәулік бойы жеткізу, телеграфист болмаған жағдайда оны алмастырып, телеграммаларды жөнелту 4-разряд.
21 шілде 2025 ж. 145 0

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031