Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем тұғырынан – туған жер төріне

Әлем тұғырынан – туған жер төріне

Қазалы топырағы – Сыр спортының даңқын әлемге танытқан саңлақтардың туған жері. Хорватияның Загреб қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында тарихи алтын медаль иеленіп, 26 жылдан кейін бұл спорт түрінен елімізге тұңғыш жеңісті сыйлаған жерлесіміз Айдос Сұлтанғали – соның айқын дәлелі. Осыған орай аудан әкімі Алмасбек Есмаханов әлем чемпионы мен оның бапкері Ғабиден Райымбекті қабылдап, оларға құрмет көрсетті. Кездесуде аудан басшысы чемпионды жарқын жеңісімен құттықтап, оның еңбегін жоғары бағалады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Сұлтанғалиұлын ең алғашқылардың бірі болып құттықтап, «Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!» деп ыстық ықыласын білдірді. Ал облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев чемпионды арнайы қабылдап, спортшыға автокөлік, бапкеріне пәтер кілтін табыстады. Біз де бүгін қазалылықтар атынан сол құрметті жалғастырып отырмыз. Бұл жеңіс – тек Айдостың емес, барша Сыр елі мен қазақ халқының мерейі, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Аудан әкімі чемпион Айдос Сұлтанғалиға 1 000 000 теңге, бапкері Ғабиден Райымбекке 400 000 теңгенің арнайы қаржылай сертификатын табыстап, аудан жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтады.
Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбай, ардагер спортшы Қуанған Бәкен және чемпионның туысы Ашықбай Тоғымов ақсақал сөз алып, жеңіс қуанышын бөлісіп, ізгі лебіздерін жеткізді.
Өз кезегінде әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен бапкері Ғабиден Райымбек туған жердің көрсеткен құрметіне ризашылықтарын білдіріп, қолдаудың алдағы жетістіктерге шабыт беретінін атап өтті.
Кездесу соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов чемпионға ақ батасын беріп, жаңа биіктерден көріне беруіне тілек білдірді.
Айта кетейік, бүгінде Қазалы ауданында спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Соңғы үш жылда 3 жаңа спорт кешені мен бірнеше спорт алаңы пайдалануға берілді. Биылдың өзінде тағы 3 нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне табысталмақ. Бұл – аудан жастарының салауатты өмір салтына бет бұрып, ел намысын қорғайтын жаңа чемпиондардың шығуына зор серпін берері сөзсіз.
Арайлым ЖҮСІПОВА
11 қазан 2025 ж. 25 0

Әлімжеттіктің әлегі

11 қазан 2025 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031