Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада динозаврдың сүйегі табылды

Қызылордада динозаврдың сүйегі табылды

Фото: Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары Шах-Шах шатқалынан табылған қалдықтар Бор дәуіріндегі динозаврлардың сүйегі болуы мүмкін екенін айтады. Себебі бұған дейін де бұл маңнан мұндай қалдықтар табылған. Бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану музейі жариялады.

Облыстық мұражай мен Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері аудан территориясындағы Шах-Шах шатқалына барлау экспедициясын ұйымдастырды.

Шах-Шах кешеніне алғаш рет 1959 жылы орыс палеонтологы А.Рождественскийдің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бозтөбе свитасында орналасқан кешеннен Мезозой эрасының Бор кезеңінде өмір сүрген динозаврлардың сүйектерінің қалдықтары табылады. 1968 жылы бас сүйегі ғана табылған динозавр «Аралозавр» деген атаумен ғылыми айналымға енеді.

— Палеонтологтардың зерттеу жұмыстары барысында гадрозавр отрядына кіретін Аралозавр 93-86 млн жыл бұрын өмір сүргені анықталады. Кейін бұл аймақ еуропалық палеонтолог-ғалымдардың қызығушылығын тудырып, әлемдік ғылыми журналдарға мақалалар жарияланады, — делінген ақпаратта.

Музей қызметкерлерінің барлау экспедициясы нәтижесінде Шах-Шах шатқалынан Бор дәуірінде өмір сүрген тіршілік иелерінің сүйектерінің қалдықтары табылды. Алдағы уақытта палеонтологиялық бұйымдар арнайы мамандар тарапынан зерттеледі.

10 қазан 2025 ж. 223 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 32

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031