Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 6,61 млн қорап темекі мен 1 млн литр ішімдік арнайы рұқсатсыз сатылған

Қазақстанда 6,61 млн қорап темекі мен 1 млн литр ішімдік арнайы рұқсатсыз сатылған

Аталмыш бағытта тергеу жүріп жатыр
Қазақстанда 6,61 млн қорап темекі мен 1 млн литр ішімдік арнайы рұқсатсыз сатылған
Фото:
istockphoto.com
Мемлекеттік кірістер комитеті заңсыз темекі айналымына қарсы ауқымды тексеріс жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері ел аумағында темекі мен алкоголь өнімдерінің заңсыз саудасына қатысты жүздеген дерек тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын тоқтату және нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде іске асырып келеді.
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Комитет алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын және мұнай өнімдерін өндірушілер мен сатушыларға қатысты ауқымды тексерулер жүргізді.
Алкоголь өнімдері: 2 393 тексеру жүргізіліп, заңсыз айналымнан 1,06 млн литр алкоголь өнімі тәркіленді.
Темекі бұйымдары: темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша 632 жағдай анықталып, жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге тең 6,61 млн қорап темекі тәркіленді.
Мұнай өнімдері: отынның көлеңкелі айналымы бойынша 509 факт тіркеліп, жалпы құны 5,3 млрд теңге болатын 55,6 мың тонна өнім тәркіленді.
«Бұдан бөлек, Комитет мемлекеттік реттеу саласында өндірушілерге қатысты тексерулер жүргізуде. Нәтижесінде, ағымдағы жылы бюджетке төленуге тиіс акциз сомасы 10 млрд теңгеден асатын бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік кірістер комитеті нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету және адал кәсіпкерлер мен азаматтардың мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда»,– делінген ведомство хабарламасында.



09 қазан 2025 ж. 235 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031