Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

Ауғанстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

Фото: ©Pixabay.com
Ауғанстанда Instagram, Facebook және Snapchat әлеуметтік желілеріне кіруге шектеу қойылды. Бұл мәліметті NetBlocks интернетті бақылау қызметі растаған, деп жазады El.kz интернет порталы.
Деректерге сәйкес, Instagram, Facebook және Snapchat әлеуметтік желілеріне қолжетімділік Ауғанстандағы бірнеше интернет-провайдер арқылы шектелген. Бұл жағдай өткен аптадағы телекоммуникацияның ішінара өшірілуінен кейін болды, – делінген NetBlocks хабарламасында (X әлеуметтік желісінде жарияланған).
Еске сала кетейік, 29 қыркүйекте NetBlocks Ауғанстанда интернеттің толық өшірілгенін хабарлаған болатын. Бұл шешім талибандардың «қоғамдық мораль мен әдепті сақтау шараларының» бір бөлігі ретінде қабылданғаны айтылған.
Бір күннен кейін, 30 қыркүйекте, Ауғанстандағы БҰҰ миссиясы елдегі 43 миллионнан астам адам ғаламторсыз қалғанын мәлімдеді. Интернеттің үзілуі қаржы, банк, денсаулық сақтау және өзге де өмірлік маңызды салаларға әсер еткен.
Арада бірнеше сағат өткен соң, Ауғанстан билігіндегі «Талибан» қозғалысы интернетке жалпыұлттық тыйым салынды деген мәлімдемелерді жоққа шығарды. Олар желінің істен шығуын елдегі тозған инфрақұрылыммен байланыстырған.
09 қазан 2025 ж. 254 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930