Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәкірт тәрбиесіндегі зиялы ғұмырлар

Шәкірт тәрбиесіндегі зиялы ғұмырлар

Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Сондықтан бүгін мен білім беру саласында еңбек етіп жүрген барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін» деуі де ұстазға деген зор құрмет.
1957 жылы қазіргі «Бозкөл» ауылынан сегізжылдық мектеп ашылып, білікті кадрлармен қамтамасыз ету, білімді шәкірт дайындаудың міндетін назарға қойған болатын. 1965 жылы мектеп №96 «Бозкөл» орта мектебі болып қайта құрылды. Міне, осы жылдары білім беру мен шәкірт тәрбиелеудегі қалыптасқан құндылықтарды Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкерлері Өсербай Смайлов, Пірәлі Аймағамбетов, Түгелбай Оңдасов, Құсайын Алпысбаев, Айсұлу Сыдықова, Әлмамбет Ілиясов, Айнаш Байманова, Әбдіжәли Бердіхалықов, Абылай Қасымов, Бибісара Қожақова, Ерілхан Құлдықов және Күзембай Есқалиев, Дәстен Мысаев, Ісмет Жарманов сынды озық ой, өрелі пікірдегі ұстаздардың еңбектері мен өмір жолдарынан тарқатуға болады.
1972 жылы мектепті үлгілі ұжым деңгейіне жеткізген Әбдіжами Сәрсенов директор болып келеді. Әр басшының өзінің бітім-болмысы, таным-талғамы, мәселені шешу құпиясы мен басқару жүйесі бар, бірақ пайым-парасат екінің бірінде жоқ. Істің көзін таба білген Әбдіжами Сәрсенов қызмет мәртебесі өссе де, бойындағы ізгілігін жоғалтпаған, қарапайым басшы, ұлағаты мол ұстаз еді. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» жиырма жылға жуық жүргізген басшылығы тұсында озат оқушылардың арасында ауыспалы парталар жүлделерін сарапқа салу ұйымдастырылды. Әр жетінің қорытындысымен «Бестік» үлгіріммен алға шыққан оқушыларға осы парталар берілетін», – дейді сол жылдары осы парталарға отыру құрметіне ие болғандар. Мектепте алдымен әдебиет, қолөнер, спорт үйірмелері жұмыс істеп, жас тарихшылар «Туған өлкенің тарихын зерттейміз!» деген ұранмен көне көз қариялардан естеліктер жинастырған. Әсіресе, оқушылардың ізденісінің артқанын Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология, этнография ғылыми-зерттеу институтымен орнаған байланыстан байқау қиын емес. Еңбек және машина тану сабағы өтетін шеберханалар іске қосылып, мектептің материалдық базасы нығаяды. Жылма-жыл жоғары сынып оқушылары тиісінше еңбекақы алып, бақша дақылдарын, қауын-қарбыз егу, қой төлдетуге, мал азығын дайындауға, шопан үйлері мен қораларын жөндеуге қатысуында өндірістік тәжірибенің үлгілері бар еді. Аттестатқа қосымша «III класты тракторист-машинист» куәлігі беріліп, «Ауылды өркендетеміз» деген бастама көтеріп, үндеу қабылдаған жылдардың жетістіктер мол.
Ұстаз зейнет демалысына шыққаннан кейін де ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Сол жылдары озық тәжірибе үлгілерімен оқушыларының есінде қалған Оңдаш Қодаров, Сәреш Сейілов, Құлназар Жабағиев, Жаңаберген Якияев, Абылай Қасымов, Жаңаберген Якияев, Сахит Жәленов, Бағдагүл Сейтжанова талай шәкірттің бағдаршамы.
Әбдіжами Сәрсеновтің басшылығы тұсында Алмас Бағдаулетов, Мінтай Жалғасбаев, Жұбатқан Өтеулиев, Меңдулла Жұбатқанов, Орналы Мырзабаев, Күнзулла Әбдіғаппаров, Полина Мәшенбаева, Сымбат Қожағұлова, Лимаш Құлжанова, Жәния Жалғасбаева, Мария Сейітова, Райса Мысаева, Күлән Жалғасбаева, Айман Жәленова, Мұратбай Алтынбаев, Бағдагүл Бердібаева, Қаракөз Өміртаева, Жұбаныш Жолдасбаев, Айымсұлу Балқиева, Ақзада Ізмағанбетова, Оңдаш Кәдірбаев, Мырзагүл Жұмағұлова тағы басқалар өскелең ұрпақтың білім алуына өз үлестерін қосты. Қазақ КСР Халық ағарту министрінің «Құрмет грамотасы» марапатын алған мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибелері педагогикалық оқуларда насихатталып, аудандық, облыстық және республикалық «Қазақстан мектебі», «Қазақстан мұғалімі» басылымдарында жарияланды.
1989 жылы көне мектептің жанынан жаңа үлгідегі 624 орындық мектеп салынып пайдалануға қосылды. ҚР Үкіметінің1996 жылғы сәуірдегі Қаулысымен ауылдың төлтумасы, Сыр сүлейі Қарасақал Ерімбеттің есімі берілді. Мектепке директор болып әр жылдары Н.Төлебаев, Ә.Көпбаев, Қ.Алпысбаев, Д.Мысаев, Ә.Қайыпназаров, Т.Оңдасов, Ә.Сәрсенов, Ж.Келімбетов, Б.Қаюпов, Қ. Көмекбаев, Қ.Аханов, М.Қаниев басшылық жасап еңбек етіпті. Соңғы жылдары білім саласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет жас ұрпақтың сапалы білім алуына қажетті барлық жағдайды жасауда. Мектептер білімді, білікті жас мамандармен толығуда. Біздің де мектебімізге жас ұстаз Д.Әбілов басшылыққа келіп ұстаздар қатары кейінгі жастармен толықтырылып, өскелең ұрпаққа білім беруде.
Ләззат ӘБДІҚАЛЫҚОВА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі



04 қазан 2025 ж. 246 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031