Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегі еленген ерлер

Еңбегі еленген ерлер

Қазалы аудандық мәслихатының ІV, V шақырылымының депутаты және мәслихатының хатшысы қызметін абыроймен атқарған аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бөріқұлақов Талайлы Әмитжанұлы мен аудандық мәслихаттың депутаты Сарабеков Әділбек Сербайұлы 25 қазан – Республика күні қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Награда иелеріне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мерекелік жиында салтанатты түрде табыс етті.
Еңбек ардагері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Талайлы Әмитжанұлы ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте болып, қаржы саласының өркендеуіне, аймақ пен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосты. Сондай-ақ саяси-қоғамдық қызметте де қажырлы еңбек етті.
Әділбек Сербайұлы «Қазалы Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның құрметті құрылысшысы. Құрылыс саласында қарқынды еңбек етіп жүрген азамат қазіргі таңда да аудан ажарын арттыруда айтарлықтай үлес қосуда.
Ұлттық мереке қарсаңында марапат мінберінен көрініп, мерейі үстем болсын дейміз.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
31 қазан 2023 ж. 294 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30