Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су ресурстары министрлігі 10 топтық су құбырын жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берді

Су ресурстары министрлігі 10 топтық су құбырын жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берді

Су ресурстары және ирригация министрлігі 10 топтық су құбырын жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Су ресурстары және ирригация министрлігі топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдарға беру жұмысын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 10 нысан әкімдіктерге берілді. Олардың 4-еуі Маңғыстау облысында, тағы 4-еуі Батыс Қазақстан облысында және қалған екеуі Ақмола мен Абай облыстарында.
Қазіргі таңда 11 топтық су құбырын жергілікті атқарушы билікке беру жұмысы жалғасып жатыр. Оның 9-ының құжаттары Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінде. Жалпы саны 41 топтық су құбырын әкімдіктерге беру жоспарланып отыр.
Жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық инфрақұрылымды тікелей басқаруға қажетті өкілеттіктері мен құралдары бар. Олар тарифтерді бекітеді, бюджет қаражатын бөледі, сондай-ақ пайдалану мен қайта жаңғыртуға кететін шығындарды жергілікті және республикалық бағдарламаларға енгізе алады. Топтық су құбырларын әкімдіктерге беру – желілерді жүйелі түрде күтіп ұстау мен жөндеу арқылы апаттық жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл шара шығындарды нақты әрі ашық есепке алуға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға жол ашады, судың ысырабын азайтады және жүйелердің энергия тиімділігін арттырады.
Одан бөлек, цифрландыру мен автоматтандыру үдерісін де жеделдетеді. Нәтижесінде, тұрғындар таза ауызсуға тұрақты әрі үздіксіз қол жеткізеді. Бұл – су саласындағы мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі.
«Сонымен қатар Су ресурстары және ирригация министрлігі 1,3 млн адамды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 2,5 мың шақырымнан асатын су құбырын салу және реконструкциялау жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінде елдің 9 облысында жалпы саны 31 жоба іске асырылуда. 2024 жылы Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында 8 топтық су құбырын салу және реконструкциялау жобасы аяқталды. Бұл жұмыстар 208 мыңнан астам тұрғыны бар 49 елді мекеннің ауызсумен қамту жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді,– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

03 қазан 2025 ж. 156 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031