Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда су қоймасы мен су торабы салынады

Аралда су қоймасы мен су торабы салынады

Фото: су ресурстары министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысында су қоймасы мен су торабын салуды жоспарлап отыр.

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдеріне су жинау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Аманөткел ауылының жанында су торабын салуды жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ, Қараөзек каналында жаңа су қоймасын салуға ниетті.

Бұдан бөлек, Жиделі су қоймасы мен Қызылорда су торабын кешенді реконструкциялау жоспарлануда. Ал 2025-2026 жылдары Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» магистральдық каналы мен Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылдық округіне Сырдария өзенінен су жіберу үшін қосымша каналдар салу жоспарда бар.

«Бұл іс-шаралар облыстың ауыл шаруашылығын суармалы сумен неғұрлым тиімді қамтамасыз ету үшін және өңірдің су нысандарын сақтауға қажет», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
18 шілде 2024 ж. 270 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031