Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысы: балаңыз қауіпсіз бе?

Комиссия отырысы: балаңыз қауіпсіз бе?

Елдің ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұр­пақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның па­ры­зы. Қазір қоғамда балаға қатысты мәселелер бей-жай емес. Қолдау үшін түрлі мүмкіндіктер жасалса, қорғау үшін алдын алу шаралары жүргілізуде.
Жақында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Дәурен Тілеумбетовтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында бекітілген жоспарға сәйкес «Аудан бойынша жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы міндеттер» туралы мәселе қаралды. Осы мәселеге байланысты аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетов хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, комиссия отырысында аудандық білім бөлімі мен Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің ұсыныстары және Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектеп, Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп, Ж.Жабаев атындағы №234 мектеп, Қ.Күлетов атындағы №92 мектептің кәмелет жасқа толмаған балаларына қатысты мәселелер қаралды. Бұл мәселелерге байланысты тиісті мамандар мен білім ордалары басшыларының хабарламалары тыңдалып, комиссия мүшелерімен бірге талқыланды. Нәтижесінде алдағы уақытта балалардың қауіпсіз ортада өмір сүруі, қорғанысы және дамуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шешімдер шығарылып, хаттамалық тапсырмалар берілді.
Айта кеткен жөн, аймақтағы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мектептер мен балабақшаларда қауіпсіз орта құру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, киберқауіпсіздікті күшейту бағытында кешенді шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ ата-аналармен, ұстаздармен және құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстар қолға алынып, жас ұрпақтың алаңсыз білім алуына жағдай жасау басты міндет ретінде белгіленген.
Қазір білім беру саласында басты назарда тұрған мәселенің бірі – балалардың қауіпсіздігі. Балабақша мен мектептердің көптеп ашылуы, жекеменшік ұйымдар санының артуы – бір жағынан балаларды қамту деңгейін арттырса, екінші жағынан қауіпсіздік пен сапаға қатысты талаптарды күшейтуді қажет етеді. Облыста 577 мектепке дейінгі ұйым мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейді. Оның ішінде 532-сі – балабақша, 45-і – шағын орталық. Барлығы 45 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Бұдан бөлек, мемлекеттік тапсырыссыз жұмыс істейтін 96 жекеменшік ұйым бар, оларда 14703 бала қамтылған. Сонымен қатар, облыстағы 39 жекеменшік мектепте бүгінде 15 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Мемлекеттік мектептерде 172 мыңнан астам бала қамтылған. Демек өңірде білім беру желісі жеткілікті екеніне саяды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ермахан Абдраманов және облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановтың қатысуымен өткен өңірлік коммуникациялар брифингінде айтылды.
– Қай оқу орнында болмасын, бірінші кезекте оқушылардың қауіпсіздігіне, қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән берілуі тиіс. Қауіпсіздік мәселесі – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Мемлекеттік немесе жекеменшік ұйым болсын, басты талап – балаларға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырып, сапалы білім беру. Біздің мақсатымыз – әр бала мектепке немесе балабақшаға барған сәттен бастап өзін толық қауіпсіз сезінуі. Осы жолда біз барлық қолдауды көрсетеміз және ұрпақ тәрбиесі жолында адал қызмет етіп жүрген кәсіпкерлер мен педагогтерді әрдайым қолдауға дайынбыз, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
Алайда соңғы кездері балабақшаларда балаларды тасымалдау қызметіне қатысты бірқатар мәселелер байқалуда. Атап айтқанда, 374 жекеменшік балабақшаның 106-да тасымал ұйымдастырылып келген. Әрине, ата-аналардың көбі жұмыста болғандықтан, балаларды жеткізудің мұндай қызметіне жүгінетіні белгілі. Бірақ бұл саладағы тәртіпсіздіктің салдарынан соңғы айларда екі рет жол-көлік оқиғасы тіркеліп, қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды. Қолданыстағы заңнама бойынша балаларды тасымалдауға қойылатын талаптар өте қатаң. Облыстық білім басқармасы алдағы уақытта да балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті органдармен бірлесіп қатаң шаралар қабылдамақ. Бұдан бөлек, балабақшалардағы тасымалдау қызметінде кездесіп отырған олқылықтар да назардан тыс қалмады. Жекеменшік ұйымдардағы көліктердің талапқа сай еместігі балалардың өміріне тікелей қауіп төндіріп отырғаны көрсетіліп, бұл түйткілді шешу үшін нақты шаралар қолға алынатыны мәлім етілді.
Қазіргі таңда өңірде өзекті мәселелердің бірі – жол-көлік оқиғаларының тыйылмауы. Өкінішке қарай, жол апаттарының негізгі себебі жүргізушілердің жолдағы жауапсыздығы. Көлік жүргізу кезінде маневр жасау ережелерін бұзу, қарама-қарсы бағытқа шығу, басып озу, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермеу сынды өрескел заңбұзушылықтар апатқа әкеліп соғуда. Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Жыл басынан бері «Балабақша» бағытындағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Тек соңғы іс-шара барысында 265 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 28 көлік айып алаңына қойылды, 23 көліктің мемлекеттік нөмірі тәркіленді. Сонымен қатар, облыс бойынша балаларды тасымалдаумен айналысатын 83 көлік құралының 61-і тексеріліп, техникалық жай-күйіне байланысты 29 әкімшілік шара қолданылған. Бірақ тек жазалау шарасымен мәселені шешу мүмкін емес. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ең бірінші мәселе. Әрі ол күн тәртібінен түспейді.
Айнұр ӘЛИ
30 қыркүйек 2025 ж. 32 0

Тірек ауылдарға тың серпін

30 қыркүйек 2025 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930