Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баласы жылап, түн тыныштығын бұзғаны үшін азаматтарға айыппұл тағайындалуы мүмкін бе?

Баласы жылап, түн тыныштығын бұзғаны үшін азаматтарға айыппұл тағайындалуы мүмкін бе?

Бала, жылау, түн, айыппұл, Абай облысы ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 22:26Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде баланың қатты жылағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы ақпарат тарауда. Осыған байланысты Абай облысы полиция департаменті аталған заң нормасы дұрыс түсіндірілмегенін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабында көзделген құқық бұзушылықтың құрамы тұрғын үйде немесе оның сыртында, сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін шұғыл қажеттілікпен байланысты емес, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шулы әрекеттерді жасау болып табылады.
Полиция қызметкерлерінің тексеру жүргізуіне негіз жеке немесе заңды тұлғадан түскен хабарлама не арыз болып табылады.
Әрбір арыз жекелей қарастырылып, құқық бұзушылықтың объективті және субъективті жақтары анықталады. Адамға әсер ететін физикалық факторларға қатысты гигиеналық нормативтерде шу деңгейінің күндізгі және түнгі уақытта рұқсат етілген мөлшерлері белгіленген.
Құзырлы ведомство сәбилердің жылауы әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылмайтынын нақтылайды.
Бұған дейін Павлодарда тыныштықты бұзған азаматтар жауапқа тартылғаны хабарланған. Бұл жағдайда көршілер дыбыс күшейткіштерді пайдаланып, музыка тыңдайтын болған. 
29 қыркүйек 2025 ж. 120 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 127

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031