Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаушыларға тегін көлік қызметі ұсынылды

Сайлаушыларға тегін көлік қызметі ұсынылды

Қазалы ауданында өтіп жатқан аудан әкімінің сайлауында жастар белсенділік танытып, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Атап айтқанда, аудан еріктілері мен белсенді жастары сайлау күні арнайы тегін такси қызметін ұйымдастырып, дауыс берушілерді сайлау учаскелеріне жеткізуге қолдау білдіруде.
Бұл бастама, әсіресе, егде жастағы тұрғындар мен алыс аймақтарда тұратын сайлаушылар үшін үлкен көмек болды. Жастардың айтуынша, басты мақсат — тұрғындардың сайлауға қатысуына мүмкіндік жасап, азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруға жағдай жасау.— Ел болашағына бей-жай қарамай, өз таңдауын жасағысы келетін әр азаматтың дауыс беруіне көмектесу — біздің парызымыз. Бұл бастама арқылы халықтың сайлауға қатысу белсенділігін арттырғымыз келді, — дейді ерікті жастар.Жалпы, бұл — жастардың қоғамдық белсенділігінің, ел тағдырына деген жанашырлығының айқын көрінісі.
#Сайлау2025 #ЖастарҚолдауы #АзаматтықБастама #ҚазалыЖастары
28 қыркүйек 2025 ж. 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930