Қазалы ауданында әкім сайлауы басталды

Дәл қазір Қазалы ауданында сағат 7.00-де аудан әкімінің сайлауы басталды. Аудандағы барлық сайлау учаскесінде Мемлекеттік Гимн орындалып, сайлаушылар дауыс бере бастады. Ауданда 40 сайлау учаскесінде 266 комиссия мүшесі қызмет атқарып, халық өз таңдауын жасауда.
Еске салайық, Қазалы ауданы әкімі сайлауына байланысты арнайы платформа іске қосылған болатын. Аудан тұрғындары үшін saylau.orda.gov.kz
сайты қолжетімді. Азаматтар сайтқа кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады. Салаушылар аталған сайтқа кіру арқылы учаскелік сайлау комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты алады. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын да көре алады. Бұл азаматтар үшін өте қолжетімді әрі оңай сервис. Мұнда әрбір дауыс беруші азамат ЖСН теру арқылы қажетті ақпаратты көре алады.
Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар үшін «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасайды. Диспетчерлер тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, учаскелердің мекен-жайы туралы ақпарат беруге дайын.
#ӘКІМСАЙЛАУЫҚАЗАЛЫ2025
#ҚАЗАЛЫ САЙЛАУ2025














