Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында әкесінен мезі болған бойжеткен оны сотқа берді

Қызылорда облысында әкесінен мезі болған бойжеткен оны сотқа берді

Әке мен қыз арасындағы жанжал татуласу арқылы шешілді
Қызылорда облысында әкесінен мезі болған бойжеткен оны сотқа берді
Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысында бойжеткен үйдегі заттарды қиратып, отбасының мазасын қашырған әкесін сотқа берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша азамат У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған.
«Азамат У. жәбірленуші Қ.-ға былапыт сөздер айтып, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, отбасын сыйламайтынын көрсеткен», - деп жазылған хабарламада.
Сот отырысында отағасы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, татуласқанын айтып, істі тоқтатуды сұраған. Жәбірленуші Қ. жазбаша арызында әкесіне кешірім беретінін атап өткен.
«Сот қаулысымен У. тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды», - деп жазылған сот хабарламасында.
Сонымен қатар оған үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленді.



24 қыркүйек 2025 ж. 113 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031