Тың технология – су тапшылығын сейілтеді

Қазалы ауданындағы «РЗА» акционерлік қоғамының «РЗА-Агро» ЖШС – су үнемдеу технологияларын тиімді пайдаланып отырған алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорны. Негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу. Биыл шаруашылық 4437 гектарға егін ексе, оның ішінде 2238 гектары күріш, 419 гектары жүгері, 702 гектары жаңа жоңышқа және 1347 гектары ескі жоңышқа алқаптарын құрайды. Мұнда 210 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Су тапшылығына байланысты 2021 жылдан бастап шаруашылықта суды үнемдеу технологияларын енгізуді бастау алды. Осы мақсатта 600 миллион теңгеге арнайы жоба іске асырылып, Германиядан дренаждық құбырлар мен арнайы соқалар, Испаниядан жаңбырлатып суару жүйелері сатып алынды. Бұл инновациялар суды тиімді пайдаланып, өнімнің көлемін арттыруға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізуде.
А. ЖҮСІПОВА