Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Агро саланың ахуалымен танысты

Агро саланың ахуалымен танысты

Өткен жұмада Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен ауданға келіп, агросектордың қазіргі жағдайымен танысты. Сапар барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Қарашеңгел ауылындағы «РЗА» акционерлік қоғамының жұмысын көзбен көрді.
«РЗА» АҚ – 2000 жылы құрылған және су үнемдеу технологияларын енгізген алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорыны. Негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу. Биыл 4706 гектар жерге егін еккен. Оның 2238 гектары күріш, 419 гектары жүгері, 702 гектары жаңа жоңышқа және 1347 гектары ескі жоңышқа. Шаруашылықта 210 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ауыл шаруашылығы техникалары да жеткілікті, көлік тұрағында 25 трактор, 15 комбайн, 2 шөп шапқыш, 3 тіркеме және 11 тиегіш экскаватор бар. Климаттың өзгеруі мен су тапшылығына байланысты кәсіпорын 2021 жылдан бері су үнемдеу технологияларын енгізе бастады. Бұл мақсатта 600 миллион теңгеге арнайы жобаны жүзеге асырды. Германиядан дренажды құбырлар мен арнайы соқа сатып алып, Испаниядан әкелінген жаңбырлатып суару жабдығы орнатылды. Жаңа технологиялар суды тиімді пайдалануға, өнімділікті арттыруға, экологиялық тұрақтылыққа айтарлықтай оң ықпал етті.
Аудандағы суармалы жер көлемі 31 024,3 гектар, оның 17 445 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары, атап айтқанда дәнді дақылдар 5 881 гектарға, майлы дақылдар 500 гектарға, малазықтық дақылдар 8 900 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2 164 гектарға егілді. Күріш көлемі 5 636 гектар. Егін шаруашылығымен 9 шаруашылық айналысады, барлығы күріш егеді.
Вегетациялық кезең басталғалы бері жоспардағы 295,03 миллион текше метр судың 259,6 миллион текше метрі, яғни 88 пайызы жеткізілген.
Сапар барысында Қанат Бозымбаев «Басықара» гидроторабының жұмысын тексеріп, шаруашылық жетекшілерімен кездесуде халықаралық келісімдер туралы айтып, алдағы жоспарды айқындады.
Вице-премьердің айтуынша, көрші мемлекеттермен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде вегетациялық кезеңді аяқтауға жеткілікті су көлемін алу жоспарланып отыр. Осы келісімдер аясында 15 тамызға дейін Өзбекстаннан секундына 200 текше метр, ал Қырғызстаннан 150 текше метр су жеткізіледі деп күтілуде.
Ауданның агросекторы су тапшылығы мен климаттық өзгерістерге қарамастан, тиімді агротехнологияларды енгізу, егіс алқаптарын әртараптандыру және экспорттық әлеуетті арттыру арқылы тұрақты дамып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Бекзат АСАН
05 тамыз 2025 ж. 229 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 23

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 34

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 30

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 25

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930