Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тапшылығы мәселелері талқыланды

Су тапшылығы мәселелері талқыланды

Жуырда Су су ресурстары мен ирригация саласының мамандары ауданға іс-сапармен келіп, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын талқылады.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті, ауыл шаруашылығы саласына су үнемдеу технологияларын енгізу басқармасының басшысы Қарлығаш Әділханова және өнеркәсіп саласына су үнемдеу технологияларын енгізу басқармасының сарапшысы Кәмила Мұқанова жергілікті мамандармен бірге су үнемдеу әдістерін жүзеге асыру жолдарын зерделеді.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары, сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Сапар барысында «Smart Agro» шаруа қожалығында тамшылатып суару құрылғыларын орнату арқылы 6 гектар жерге бақша егу мен «РЗА» АҚ-ның 269 гектарға жаңбырлатып суару технологиясымен жүгері дақылын суару жүйесімен танысып, аталған технологияның тиімділігіне тоқталды.
Іссапар барысында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу арқылы ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалану және суару процесінің оңтайландырылуы мәселелері сөз болды. Осы технологиялар ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырып, экологиялық таза өнімдер өндіруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Су үнемдеу жүйелерінің тиімділігін насихаттау және оны еліміздің барлық аймақтарына енгізу мақсатында бірлескен жұмыстар жалғасын табады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 шілде 2025 ж. 295 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 117

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031