Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындардың құқықтық сауаттылығы артуда

Тұрғындардың құқықтық сауаттылығы артуда

Соңғы жылдары еліміз отбасы тәрбиесі, құндылықтары жайына мемлекеттік деңгейде маңыз беруде. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта, қоғамдық тәрбиенің тиімді тетігі, қайнар бастауы. Қазалы ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметі отбасы мүдделерін қорғау бағытында жұмыс істейді. Бөлімшенің отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция капитаны Сәуле Бишекованы әңгімеге тарттық.
– Сәуле Талғатқызы, Мемлекеттік заң құрылымдары аясында сіздер жүзеге асырған, алдын алған жұмыстар өте көп. Байқауымызша, бөлім атауы ауысып, қызметтеріңіздің ауқымы ұлғайған сияқты. Өз аузыңыздан естісек...
–1998 жылы Президент бастамасымен Ішкі істер министрлігінде арнайы бөлімше ашылып, сол кезден бері полиция бөліністерінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторлары жұмыс атқарып келді. 2021 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ден қойылып, әр ауданға штат берілді. 2024 жылы 15 сәуір күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
Осыдан кейін, тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерінің алдын алу мақсатында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісі өзгеріп, жаңа сипатқа ие болып, бөлімі болып қайта құрылды. Қазіргі таңда бұл Қазалы ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесіндегі отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобында 1 аға инспектор, 3 инспектор қызмет атқарады.
– Сіз айтып отырған ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заң жобасындағы өзгерістер қауіпсіз, ізгі Қазақстанды қалыптастырутыруға қаншалықты ықпал ете алады?
– Қазақстан Республикасы Конституциясының басты құндылығы – адам. Ел тұрғындары мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді деген ойдамын.
ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң бетпе-бет келіп отырған, қауіптілігі ықтимал бірнеше мәселенің жүгін көтерген құнды құжат болды.Заң зорлық-зомбылықтың профилактикасы және өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды қолдау, қылмыстық жауаптылықты қатаңдату, әкімшілік жауапкершілікті күшейту және профилактикаға бағытталған. Яғни қоғам күткен, құндылықтарға жетелейтін, қауіпсіз орта қалыптастыруға негізделген.
Атап айтар болсақ, зорлық-зомбылық, қатыгездік, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу бойынша орталық атқарушы органдарға берілді.
Білім беру ұйымдарына кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау жұмыстарын жүзеге асыру және болғызбау бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге алғашқы психологиялық көмек көрсету құзіреті берілген.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар немесе отбасыларды ерте анықтайтын мобильді топтарды және Отбасын қолдау орталықтарын құру бойынша да жергілікті атқарушы органдарға берген.
Білім беру ұйымдарына және бала құқықтарын қорғау ұйымдарына қатысты алдын ала ескертусіз жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру енгізілген.
Қылмыстық жауаптылық та қатаңданған. Кәмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасаған жағдайын қоспағанда, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша татуласу мүмкіндігін болдырмайды.
Ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру криминализацияланды.
Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық үшін Қылмыстық Кодекстің 121-1-бабы қосылып, жаңа жауапкершілік енгізілді.
Суицидті насихаттағандар да енді жауапқа тартылады.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша қатыгездікпен байланысты міндеттерді орындамауда бұған дейін он тәулік әкімшілік қамауға алынатын болса, қазір жиырма тәулікке ұзартылды.
Әкімшілік жауапкершілікті күшейту және профилактика бөлігінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында оңтайлы бастамалар көзделген.
– Қазақстанда ана мен бала, отбасындағы жанжалдар туралы қылмыстылық әлі де актуалды. Аудандағы ахуалды білсек... Тағы бір қосарлы сұрақ – тұрғындардың құқықтық сауаттылығы қандай деңгейде?
– Құқықтық сауаттылық жыл сайын артуда. Ол бізге жүгінген арыз түсірушілер санымен емес, отбасылық бірлікті сақтау, дамыту ісімен санамаланады.
Ағымдағы жыл басынан бері 102 арнасына 160 отбасы жанжалы туралы хабарлама түскен. Олардың 7-уінің қылмыстылығы анықталып, тіркелген. 86 хабарлама бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодекстің отбасы тұрмыстық қатынастар аясында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бабы бойынша – 79, Кодекстің қорғау нұсқамасын бұзу туралы 461 бабы бойынша 7 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделді. Отбасы жанжалын шығарғандар «нұсқамасы» санатымен арнайы есепке алынып, профилактикалық бақылау шаралары жүргізілді. Соттың шешімімен 44 тұлға «ерекше талап» санатымен профилактикалық есепке алынды. Ерекше талап сот шешімімен 3 айдан бір жылға дейінгі мерзімде ішкі істер органының ерекше бақылауында болуды көздейді.
Сонымен қатар, жыл ішінде отбасы тұрмыстық қатынастар аясында орын алған қылмыс бойынша 2 азамат балаларымен Қызылорда қаласындағы дағдарыс орталығына жеткізілді.
– Жақында әлеуметтік желіде жарияланған өзінің биологиялық әкесін ұрып өлтірген азамат жайлы көрініс көптің «жағасын ұстатты». Балаларынан зәбір көрген егде азаматтар да шағымдана ма? Олармен қандай жұмыс жасалады?
– Аудандағы қоғамдық даму бөлімімен егде жастағы зорлық-зомбылыққа қатысты 2 рет брифинг өткізіліп, әлеуметтік желіге жарияланды. Тақырып туралы бұқаралық ақпарат құралдарына 5 мақала берілді. Халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен болдырмау бойынша ақпараттандыру мақсатында Әйтеке би кенті, Құмжиек, Бірлік Ғ.Мұратбаев ауылдық округі аумағында ақпараттық баннер ілінді. «Жастар арасындағы зорлық-зомбылық» және «Зорлық-зомбылыққа жол бермейік» тақырыптарында Құмжиек ауылдық округінің клубында, Әйтеке би кенті №276 мектеп-лицейінде кездесулер өткізілді.
– Қылмыстылық пен қоғамдық тәртіпсіздіктің салдарын жоюдан гөрі алдын алу тиімді. Жақында жарық көрген Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Заң мен тәртіп – мемлекеттің мызғымас тұғыры екендігін шегендеп, бұл қағиданы қоғамға орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар мүдде тоғыстыруы керектігін жеткізді. Құқық бұзушылық, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптастырып, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік – ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасын қалыптастырып, кез келген заңсыздыққа қарсылықты орнықтыратынын атап өтті.
Қазіргі таңда қолға алынған жұмыстар жайын білсек...
– Ағымдағы жылдың 5-15 маусымы аралығында «Отбасы» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында отбасы тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылық жасаған 4 дерек анықталып, құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Профилактикалық есептегі тұлғалар тексеріліп, әңгімелесу жүргізілді. Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, маусым айының 8-23 күндері аралығында «Аула ішінде кездесу» акциясы Әйтеке би кенті, Бозкөл, Жанкент, Бірлік,Қожабақы, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Ғ.Мұратбаев ауылдарында, Төтенше жағдай бөлімінде ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтың алдын-алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және тағы басқа да тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерінің алдын алу мақсатында шалғай елді мекендердегі шаруа қожалықтары, Басықара және Құмжиек ауылдарына қарасты шаруа қожалықтары тексеріліп, зорлық-зомбылық деректері анықталған жоқ. «Бақытты отбасы» акциясы аясында білім күні қарсаңында барлық мектептерде зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кездесулер өткізілуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 122 қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынған тұлағалардың 4-і әлеуметтік көмек арқылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Дағдарыс орталығына жеткізілген аналар құқық бұзушымен татуласып, отбасына қайта қосылды. Өмірлік қиын жағдайға қалған 1 азамат қоғамдық жұмысқа орналастырылды.
– Уақыт бөлгеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
13 қыркүйек 2025 ж. 75 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 86

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 90

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 56

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 105

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930