Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » РАТТ мүшелері Қызылорда облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізді

РАТТ мүшелері Қызылорда облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің «Қызылорда облысы тұрғындары арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әр-түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» арнайы жобасы аясында 2023 жылдың 02-06 қазан аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы 21 іс-шара өткізді.
Іс-жоспар аясында РАТТ мүшелері Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС маманы А.Бейсембі, Нұр-Мүбарак ЕИМУ Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты А.Рыскиева, Ұлытау облысы, «Діндерді зерттеу орталығы» КММ директоры Ж.Қанапия, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты А.Аяғанова, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры, ҰҚК отставкадағы подполковнигі, психология маманы, сарапшы Л.Шакимова шақыртылды.
РАТТ мүшелері Қызылорда қаласында, Шиелі ауданының ауылдық округтерінде және Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде жастармен, студенттермен, ұстаздармен, еңбек ұжымдарымен, жазасын өтеушілермен кездесулер өткізіп, «Қазіргі қазақ қоғамындағы қыз баланың рөлі», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Зайырлы мемлекеттің сипаттары және қоғамдағы қыз баланың рөлі» т.б. тақырыптаында әңгіме-сұхбаттар құрды.
Осы күндері РАТТ мүшелері теолог, дінтанушы, исламтанушы мамандар Қызылорда облысының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкері Б.Оспановтың, Ұлытау облысының «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің қызметкері М.Тұрапбайдың, Шымкент қаласы «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ басшысы, дінтанушы, теолог Д.Оспановтың, Шымкент қаласы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкері С. Тілләбектің қатысуымен Қызылорда қаласында, Жалағаш ауданының Бұқарбай, Еңбек ауылдық округтерінде, Абай, Қызылжарма ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен, колледж ұстаздарымен, студенттермен, медицина саласы қызметкерлерімен, әскери қызметшілермен, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен, жаттықтырушылармен және спортшылармен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл», «Радикалды діни ағымдардың зайырлы қоғамға әсері», «Діни радикализмнің зардаптары», «Жат діни ағым белгілері, одан сақтану жолдары», «Жастарда жалған діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру – уақыт талабы», «Ұлттық қауіпсіздіктегі радикализм аспектілері», «Азаматтардың діни сенімге байланысты медициналық қызметтен бас тартуының салдары» және т.б. тақырыптар аясында 21кездесу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Қызылорда облысы дін істері басқармасының қолдауымен 2023 жылдың 5-6 қазан аралығында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында дін мәселелері бойынша өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған 2 күндік «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Оқыту семинарына РАТТ мүшелері Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті университетінің оқытушысы, дінтану доценті, философия докторы (PhD) Т.Абылов, Шымкент қаласының «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ басшысы, дінтанушы, теолог Д.Оспанов, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры, психология маманы, сарапшы Л.Шакимова, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев атындағы орталығы» КеАҚ Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры, әлеуметтану ғ.к. Т.Жақиянов қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізді.
Аталған шараға дін мәселелері бойынша Қызылорда қаласы және аудандардағы ақпараттық-түсіндіру тобының 100-ден астам мүшелері, атап айтқанда теолог, психолог мамандар, мешіт қызметкерлері, әлеуметтік сала қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері т.б. мамандар қатысты.
"Қазалы"ақпарат
17 қазан 2023 ж. 137 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031