Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда хиджабқа тыйым салынған ба? - Ішкі істер министрлігі жауап берді

Қазақстанда хиджабқа тыйым салынған ба? - Ішкі істер министрлігі жауап берді

Фото: Ru.freepik.com
Полиция бетті толықтай жауып тұратын киімге тыйым салу туралы заңның негізгі қағидаларын түсіндіріп жүр. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және қоғамдық орындарда тұлғаны тану үшін 12 шілдеден бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бет-әлпетті толық жауып, оны визуалды түрде тануға, соның ішінде бейнебақылау камералары арқылы анықтауға кедергі келтіретін киімдерді кию заң бұзушылыққа жатады. Тыйым салынған киімдер:

Балаклава;
Медициналық емес маскалар;
Никаб және бет-әлпетті тұтас жасырын ұстайтын өзге де киім түрлері.
Алайда бұл тыйым келесі жағдайлар қолданылмайды:

Ауа райы жағдайына байланысты;
Медициналық көрсеткіштер бойынша;
Қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау кезінде;
Азаматтық қорғау қажеттілігіне орай;
Спорттық, мәдени немесе бұқаралық іс-шараларға қатысу барысында.
Айта кету керек, бет-әлпетті жасырмайтын діни киімдер, атап айтқанда, хиджаб, шейла, химар, аль-амира және басқа да ұқсас элементтер тыйым салынатын киімдерге жатпайды.

Полиция бұл шаралардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын бұзбай, тек қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
05 қыркүйек 2025 ж. 157 0

5 облыста жол жабылды

30 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031