Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бетті тұмашалауға тыйым: ІІМ заң нормасын түсіндірді

Бетті тұмашалауға тыйым: ІІМ заң нормасын түсіндірді

Фото: depositphotos.com
Полиция бетті тұмшалауға тыйым салатын заң нормасын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
ІІМ мәліметінше, заңнамалық түзетудің мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.
"Ол үшін кейде адамдарды жедел түрде, соның ішінде бейнебақылау камералары арқылы сәйкестендіру қажет болады. Сол себепті заң қоғамдық орындарда балаклавалар, маска, никаб сияқты бет-әлпетті толықтай жауып тұратын және жеке тұлғаны тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салады", - деп жазылған хабарламада.

Неге тыйым салынбайды?

Ауа райына немесе медициналық көрсетпелерге негізделген себептерді қоспағанда, аязда шарф тағуға немесе медициналық маска киюге тыйым салынбайды. Сондай-ақ, азаматтық қорғаныс мақсатында, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау үшін бет-әлпетті жабу қажет болған жағдайда тыйым салынбайды. Бұдан бөлек жаппай, спорттық және мәдени іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға, мысалы аниматорларға да рұқсат етіледі.
Еске салайық, бет-жүзді жабатын киімге тыйым салу туралы ұсыныс маусымның басында Сенаттағы жұмыс тобының отырысында көтерілген болатын.
Кейінірек ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салу туралы бастамаға пікір білдірді.

14 тамыз 2025 ж. 347 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930