Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Жасыратын ештеңе болмаса, бетті жауып не керек?“ - ІІМ басшысы жаңа тыйым туралы

“Жасыратын ештеңе болмаса, бетті жауып не керек?“ - ІІМ басшысы жаңа тыйым туралы

Фото: depositphotos.com
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киюге тыйым салуды қарастыратын "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңға ұсынылған түзетуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сәденовтың айтуынша, ІІМ бұл бастаманы қолдайды.
"Бұл – депутаттардың бастамасы. Біз жалпы қолдаймыз. Өйткені бұл бірінші кезекте қауіпсіздікке бағытталған. Егер жасыратын ештеңе болмаса, бетті жауып не керек?" – деп сауал қойды министр.
Сондай-ақ, ол бұл ұсыныс бірнеше рет бейінді комитеттің отырыстарында вице-министрлер мен ІІМ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен талқыланғанын айтты. Бет-жүзді жабатын киімге тыйым салу туралы ұсыныс маусымның басында Сенаттағы жұмыс тобының отырысында айтылған болатын.
18 маусым 2025 ж. 312 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031