Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның төрт банкі ұйымдасқан қылмыстық топ ісіне қатысты бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстанның төрт банкі ұйымдасқан қылмыстық топ ісіне қатысты бірлескен мәлімдеме жасады

Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
«Қазіргі уақытта банктерге бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің осы қылмыстық іске қатысы бар екендігі жөнінде фактілер белгісіз. Сондықтан біз прокуратураға ресми түрде ақпарат алу үшін жүгінеміз», – делінген бірлескен мәлімдемеде.
Сонымен қатар қаржы институттары ресми құжаттар арқылы расталған ақпарат түскен жағдайда құқық қорғау органдарына тергеу барысында қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
2 қыркүйекте Ақмола облысының прокуратурасы Kaspi Bank, Forte Bank, Еуразиялық банк және Jusan bank қызметкерлері ұсталған болуы мүмкін деген ақпарат таратқан еді.
Прокуратураның баспасөз қызметі ұйымдасқан қылмыстық топ әлеуметтік осал топтағы азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі көлемде несие рәсімдегенін хабарлаған болатын.

04 қыркүйек 2025 ж. 299 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031