Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда банк картасын басқа адамға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Қазақстанда банк картасын басқа адамға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Фото: freepik.com
Қазақстанда банк деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталында жарияланған мәліметке сүйенсек, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы маңызды өзгерістер дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
"Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банк деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді", – делінген ІІМ хабарламасында.

Полицейлердің мәліметінше, алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді.

"Есіңізде болсын: жеке және банк деректері – жай ғана ақпарат емес, сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті", – делінген хабарламада.

ІІМ өкілдері тұрғындарға мынандай кеңес береді:
– ешқашан банк деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
– картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы "оңай ақша табуға" келіспеңіз;
– күдік туындаған жағдайда, банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
28 шілде 2025 ж. 201 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930