Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АТФБанк Jusan Bank-ке қосылды

АТФБанк Jusan Bank-ке қосылды

Jusan Bank пен АТФБанктің акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды stan.kz

 Екі банкті біріктіру аяқталғаннан кейін Jusan Bank активтерінің көлемі шамамен 3 трлн теңгені құрайды. Қазіргі таңда халыққа ыңғайлы заманауи банк құру мәселесі жолға қойылып жатыр.
"Біз қаржылық позициялары берік және цифрлық сервистері аса ыңғайлы сенімді әрі заманауи банк құрып жатырмыз. Клиенттік базаларды біріктірудің және алдыңғы қатарлы заманауи технологияларды енгізудің арқасында біз біріккеннен кейін 10%-дан көп құрайтын нарықтағы өз үлесіміздің одан әрі қарқынды өсетініне сенімдіміз", - дейді Jusan Bank директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.
АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылу үдерісін ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуына рұқсат алу туралы барлық тиісті құжаттар заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігіне жіберілетін болады.
"Біз АТФБанктің барлық клиенттеріне "қош келдіңіздер" дегіміз келеді және олар Jusan цифрлық экожүйесінің барлық артықшылықтарына өзінің жоғары бағасын береді деген сенімдеміз. Біз алдағы бірігу процесстерінің әрбір клиентіміз үшін барынша жайлы өтуі үшін бар күшімізді саламыз. Екі банктің бірігуі барысында АТФБанктің барлық бөлімшелері мен сервистері Jusan Bank-ке қызмет көрсетуге толық көшкенге дейін қалыпты режимде жұмысын жалғастыратын болады", - дейді Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып.


16 наурыз 2021 ж. 2 502 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 202

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 171

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930