Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілерді оқыту

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту

Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында әрбір мемлекеттік органда білімді, білікті, тың серпіліске ие және кәсіби даярланған мемлекеттік қызметшілердің жұмысы аса маңызды.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысындағы филиалында 2025 жылы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар бойынша барлығы 589 қызметшінің білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланды. Оның ішінде қайта даярлаудан – 141, біліктілігін арттыру курстарынан – 448 мемлекеттік қызметші оқытылады. Оқыту жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру семинарларында мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды тақырыптар қамтылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырған болатын.
Осыған байланысты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында халықтың қажеттіліктеріне бағытталған заманауи мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптарға сай келетін басшылықты дайындау мақсатында кент, ауылдық округ әкімдеріне арналған 240 академиялық сағаттық онлайн және оффлайн форматта 2025 жылғы ақпан-мамыр айлары аралығында оқыту жүзеге асырылды.
Қызылорда облысы бойынша 129 кент, ауылдық округ әкімдері оқытылды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен 2024 жылғы 11 желтоқсанда өткен «Жасанды интеллектті дамыту мәселелері» жөніндегі жиналыс хаттамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалыжасанды интеллект бағыты бойынша «AI Qyzmet» оқыту жұмыстарын жүргізуде.Аталған оқыту мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, жасанды интеллект технологияларын практикалық қызметте қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқытуға кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Академия филиалы қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі семинар форматында оқыту және тестілеу өткізу жалғасуда.Сондықтан бұл бағыттағы кадрлық құрамды жақсарту, мемлекеттік басқару жүйесіне соңғы тәсілдерді енгізу, кәсіби қызметке тың көзқарас, өзгерістерге жоғары мотивация – бұл мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін шыңдау бүгінгі күннің мүмкіндіктері екенін атап өткен жөн.

М. Абтикерова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің
бас маманы
02 қыркүйек 2025 ж. 120 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930