Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру маусымына дайындық қалай?

Жылу беру маусымына дайындық қалай?


Күз келгеннен-ақ келер қыстың шамасын байқап жататынымыз рас емес пе? «Қыс шанаңды жаз сайла» дейді. Күн жылыда жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүйелеп алған жөн. Қам қалай?
Бұл тұрғыда облыс бойынша жылу беру маусымына дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Биыл жылумен қамту нысандары мен оның ішінде жылу-энергия көздерін жаңғыртуға қаржы бөлінген. Жылу жүйелерін жаңғыртуға бағытталған 6 жобаны іске асыруға қаржы қаралып, 9,5 шақырым жылу желісінің 7,2 шақырымы жүргізілген. Облыстағы 1067 әлеуметтік нысанның дайындығы 100 пайыз.
– Жылу беру маусымына нысандардың барлығы 1 қазанда дайын болу керек. Бұл жылуға әзірлік Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Жылу көздері мен желілерін жаңғыртуға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Сондай-ақ облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуде түйіткілді мәселелер туындамауы керек, – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Қыс мезгілінде аймаққа 192,8 мың тонна көмір керек болса, оның 164,5 мың тоннасы тұрғындардың, 28,3 мың тоннасы әлеуметтік нысандардың қажеттілігіне тиесілі. Бүгінде облысқа көмір жеткізу жұмыстары қарқын алуда.
Облыс көлемінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен 2 газотурбиналық қондырғының генераторы мен 11 қазандыққа күрделі, 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстың 98 пайызы орындалды. Жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 6 жобаны іске асыруға бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 9,5 шақырым жылу желісінің 8,6 шақырымына жөндеу жүргізілді. Облыстағы 1067 әлеуметтік нысан қысқа 100 пайыз дайын.
– Қызылорда жылу электр орталығының биылғы 2024-2025 жылғы маусымға дайындығы жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Дайындықты көктем айларынан бастап кеттік. Іс-шара жоспарының 98 пайызы орындалды. Оның ішінде атап өтетін болсақ негізгі қондырғылардан алтыншы бу қазандық, тоғызыншы бу қазандық олар ағымдағы жөндеуден өтті. Ескі станцияның ішіндегі бу қазандығына да ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бүгінгі күні іштегі системалардың барлығы суға толтырылып соңғы сынақтардан өткізіп жатыр, – дейді Қызылорда ЖЭО бас инженері Наурыз Сатханов.
Ал Қазалы ауданында қысқы жылу маусымына 19 мың тонна қатты отын қажет. Қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары да басталып кетті. Қазір аудан тұрғындарына қажетті қатты отынның мөлшері белгіленіп, оны ауданға жеткізу жағы қарастырылуда.
– Қысқы жылу беру маусымында ауданға 19 мың тонна көмір қажет деп жоспарлап отырмыз. Ауданымызға көмір басқа облыстардан тасымалданатындықтан, өзіндік құнының жоғарылайтыны белгілі. Дегенмен біз халыққа қатты отынды қолжетімді бағада ұсынып, тапшылықты болдырмау үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет. Жылу беру маусымында көмірге байланыс­ты еш мәселе туындамауы тиіс. Бүгін тиісті сала басшыларымен бірге осы мәселелерді өздеріңізбен бірге талқылау үшін кездесіп отырмыз, – дейді аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет.
Аудандағы 166 нысан жылу беру маусымына дайындалуда. Олардың қатарында мәдениет, денсаулық, спорт, білім беру және тағы да басқа мекемелер бар. Аудан басшысы көмір тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлерге аудан халқына қажетті қатты отынды тасымалдау жұмыстарын жеделдетіп, қоймаларға биылға жоспарланған көмір қорын тезірек жеткізу керегін ескертті.

Айнұр ӘЛИ
28 қыркүйек 2024 ж. 61 0

Кент көркі артуда

28 қыркүйек 2024 ж. 61

№77 (1679)

28 қыркүйек 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30