Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алты жылда 98 ұшқыш соқыр болып қалған: Қазақстанда жаңа қылмыстық жаза пайда болды

Алты жылда 98 ұшқыш соқыр болып қалған: Қазақстанда жаңа қылмыстық жаза пайда болды

Бұрын елімізде мұндай жаза түрі болмаған
Алты жылда 98 ұшқыш соқыр болып қалған: Қазақстанда жаңа қылмыстық жаза пайда болды
Фото:
ЖИ жасаған
Енді Қазақстанда ұшқыштарға лазер құрылғысымен немесе дронмен ұшақты басқаруға кедергі келтіргендер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратура ұшқыштарды лазермен соқыр ету енді қылмыс болып саналатынын ескертті. Өйткені лазерді ұшақ экипажына бағыттау өте қауіпті. Әсіресе ұшақ қонғанда немесе ұшқанда ұшқыштардың көзіне лазер түссе, олар уақытша көру қабілетінен айырылуы мүмкін, ал мұның соңы апатқа әкеп соғуы ықтимал.
Қазақстан авиация қызметінің мәліметінше, соңғы 6 жылда елімізде мұндай 98 жағдай тіркелген. Көбі Алматы әуежайында болған. Мысалы, 2017 жылы 8 оқиға болса, 2023 жылы 30-ға жеткен.
«Осы күнге дейін отандық заңнамада мұндай әрекеттер үшін арнайы жауапкершілік қарастырылмаған. Соның салдарынан кінәлілерді жауапқа тарту жағы қиын болатын. Ал қазір жағдай өзгерді. Биыл 16 шілдеде қабылданған заң аясында Қылмыстық кодекске лазерлік құрылғыларды немесе ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып әуе кемесін басқаруға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жаңа 352-1-бап енгізілді. Жаза жасалған әрекеттің салдарына байланысты айыппұл немесе қамауға алудан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін өзгереді», - деп түсіндірді Бас прокуратура.
Қазақстан қылмыстық жазаның жаңа түрін енгізер алдында халықаралық тәжірибені зерттеген. Мәселен, Австралия, Германия, Жаңа Зеландия, Канада және АҚШ елдерінде ұшқыштарды лазермен соқыр еткені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



21 тамыз 2025 ж. 35 0

Көкем қайта келе ме?

20 тамыз 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031