Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы суару кезеңінің барысымен танысты

Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы суару кезеңінің барысымен танысты

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және вегетация кезеңі барысымен танысып, жергілікті диқандармен кездесті.
Жаңақорған ауданының Сунақата ауылдық округінде министр күріш алқаптарының жай-күйімен және тамшылатып суару арқылы көкөніс өсіретін шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов жергілікті шаруаларға су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізудің маңызы туралы айтып берді.
«Қазіргі жағдайда су үнемдеу технологияларын енгізу - бұл қажеттілік. Министрлік тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелеріне көшу үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Лазерлік тегістеу сияқты технологияларға ерекше назар аударылады, бұл әдіс суармалы суды 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, лазерлік тегістеуіш сатып алуға субсидиялар егіс алқабы кемінде 200 га болатын шаруашылықтарға ғана төленетін талапты алып тастадық. Осындай жұмыс арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылығында бұл технологияны 100% қолдануға қол жеткізгіміз келеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Былтыр 55 мың гектар күріш алқабын лазермен тегістеудің арқасында Қызылорда облысында 200 млн текше метр су үнемделді. Бұл алқаптардағы орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін өсті.
Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов Жаңақорған және Шиелі аудандарының шаруа қожалықтарын суармалы сумен қамтамасыз ететін каналдардағы су сорғыларының жұмысымен танысты.
Қызылорда облысының егіс алқаптарына су беруді жақсарту үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі ирригациялық каналдарда тасымалданатын сорғы қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізді. Барлығы 324 агрегат орнатылды.
Сонымен бірге өңірде бес магистральдық және үш шаруашылықаралық каналдар бойынша кезектесіп су беру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта облыс бойынша барлық егіс алқабының 98%-ы кезекпен суарылуда.
Вегетация кезеңі басталғалы бері «Қазсушардың» Қызылорда филиалы диқандармен суармалы су беру бойынша 1 015 келісімшарт жасасты. Бүгінде өңірде 120,2 мың гектар жер суарылды, ал су алу 2,766 млрд текше метрді құрайды.
28 шілде 2025 ж. 172 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930