Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтан батырдың ақылы

Ақтан батырдың ақылы

Фото: жасанды интеллект
Бабажанды қолға түсіріп, қаласын қиратып үлкен жеңіспен оралған Ақтан батыр Өтеген – Нұрымбеттегі Жанқожа батырға келіп қауышады. Ерлердің құрметіне қуанған халық Өтеген-Нұрымбеттің үйін той-думанға толтырады. Кешкісін Жанқожа батыр бір топ басшы адамдарымен кеңесуге жиналады. Кеңеске Жанқожа мына мәселені ұсынады. Ол Раманқұл, Айбосын және Тәбекенді "Халқын сатқан сатқын" деп айыптап үшеуін өлім жазасына бұйыру еді.
Жанқожа отырғандарға былай деп хабарлайды.
– Бұлар жасауылдардың қыз-келіншекке айуандық жасауына, халықты Хиуа ханының тепкісіне салып, езуіне үнемі көмектесіп отырды. Жасауылдармен бірдей халықты қанады. Осы кінәсі үшін халықтың алдында бұларды қарабет атандырып, үшеуіне өлім жазасына беру керек.
Бірақ отырған адамдар иә, дұрыс, иә бұрыс деп жауап бермейді. Бәрі де төмен қараған күйі де еңселерін көтермейді. Батырдың ұсынысына жауапты кесіп айту отырғандардың қайсысына да оңай тимейді. Өйткені батырдың ұсынысы әділдік жағынан алғанда орындалуға лайқат жаза. Бірақ ол кездегі қазақтың надандығын және төңіректегі оқиғалардан бейхабар екенін ескерсек, батырдың бұл жазасы халықты жікке айырып, өзіне қарсы қою еді. Надандықтың белгісі – өзін жегідей жалмап жеп жатқан хас жауын дос көріп, оның айдауына жүріп айтқанын істеп отыра беру.
Батыр бұл жағын байқамай қалды. Өйткені надан халықтың досына қарсы шығып, дұшпанын жақтайтынын батыр кейін түсінді. Олардың үнсіз отыруы да осыдан еді. Батырдың қатал шешімін түсінсе де елдің бірлігін сақтап, халықты бүліндірмей, бұрынғы күйде қалдыруды көздеген жасы үлкен ағасы Ақтан батыр Жанқожаға былай дейді:
– Батыр, сен абыройлы жеңісіңнің үстіне мына үш адамды шақырып алып, өлтіремін дегеніңді қой. Егер сен ол үшеуін өлтірсең, ізіңе сен абыройлы жеңісіңнің үстіне мына үш адамды шақыртып алып, өлтіремін дегеніңді қой. Қарсы қойдың дегенше абыройыңнан да, беделіңнен де айырыласың. сосын халқың теріс қарайды да ізіңе ермейді. Қайта сен халықтың алдында абыройың мен беделіңді сақтаймын десең, Раманқұл мен Айбосынды, Тәбекеңді өзің өлтірмей, олардың үшеуін де өз руларының билігіне бер. Оларға жазаны өз рулары берсін және оларға қандай жазаның лайқат екенін өздері шешсін. Сондықтан Раманқұлды Құрманай мен Құттықтың, Айбосынды Асанның, Тәбекеңді Әйдербектің билігіне бер. Сонда сен де, басқалар да халықтың өкпе-назынан аулақ боласыңдар. Халық сол кезде саған да, басқаларға да ренжімейді. Қайта абыройың арта түседі. Елдің сонда маңайына үйіріліп,бұдан да гөрі өзіңе жақындарй түсері анық.
Ақтанның ақылын отырғандар да, Жанқожа да аса қанағаттанған сезіммен мақұлдап, оның ұсынысына келіседі. Ақтанның кемеңгерлерінің арқасында өлім құрығынан құтылған билер әрқайсысы өз руының талқысына түсіп, өмір бойы өміріне дақ болып қалатын үлкен айып-жазасын халықтан алды. Мұның өзі Раманқұл, Тәбекен сияқты азулы билерге өлімнен артық соқпаса, кем соқпады. Мәселен, бүкіл Асан руының айбаты деп саналған Айбосын айыбы үшін Матығұл руына екі қызын тегін беріп, айыбынан құтылады. Екі қыздың біреуі – Ботақанды Бекарыстанның баласы Тойбазар, екіншісін Жарылғаптың баласы Дүйсембай алады. Ана екі би де осындай жолмен айып төлеп, кінәсінен құтылады. Бұлар айып төлеп ақталғанымен, бұрынғы абыройы-атағынан айырылып қалды.
Халық Жанқожа жағына шығып кетті. Жанқожаның бұл дәрежеген жетуіне екі түрлі себеп болды. Біріншісі, қазақ жасағының құрыштай берік ұйымдасыуының және екпінді шабуылының арқасында Бабажанды өлтіріп, қаласын қиратып, Сыр еліне бостандық алып беруі еді. Бұл, әрине Жанқожаның басшылығы болатын. Екіншісі, Ақтан батырдың кемеңгерлігінің арқасында үш би аман қалды да, елдің бірлігі бұзылмады. Бұл жерде Ақтанның Жанқожаға берген ақылының шегі жоқ. Егер Ақтан түзу ақыл бермегенде, Жанқожа ол ақылды тыңдамағанда, елдің іші бүлініп, Жанқожаның абыройына нұқсан келер еді.
"Ақылды да ақылды адам болады" деген осы. "Ақыл алған азбас, кең ккиім тозбас" деп қазекем бекер айтпаған.
Өмірзақ АХМЕТОВ,
шежіреші



12 тамыз 2025 ж. 24 0

Ақтан батырдың ақылы

12 тамыз 2025 ж. 25

Біздің ауыл

12 тамыз 2025 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031