Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда өлім-жітім қай облыста көп?

Қазақстанда өлім-жітім қай облыста көп?

Еліміздің демографиялық статистикасы жарияланды.
Қазақстанда өлім-жітім қай облыста көп?
Фото: iStock
2025 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Қазақстан Республикасы халқының табиғи қозғалысы белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес.
Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1 000 тұрғынға 21,94 адам), Маңғыстау облысында (20,98) және Шымкент қаласында (20,63) байқалды.
Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1 000 тұрғынға 11,67), Шығыс Қазақстан облысында (11,27) және Қарағанды облысында (9,33) тіркелген. Бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.
Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туғандар санына тек тірі туғандар енгізілген.
Қазақстанда «тірі туу» және «өлі туу» ұғымы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарына сәйкес келеді.
Тірі туу (ДДҰ анықтамасы бойынша) – жүктілік ұзақтығына қарамастан, ұрықтану өнімін ананың ағзасынан толық алу немесе шығарып алу, бұл ретте мұндай бөлінуден кейін ұрық тыныс алады немесе жүрек соғуы, кіндікбауы кесілген немесе кесілмегеніне және плацента бөлінгені немесе бөлінбегеніне қарамастан, кіндікбау тамырының соғуы немесе бұлшық еттердің еркін қимылы сияқты өмірдің басқа белгілерін көрсетеді.
Табиғи өсімнің коэффициенті – туу мен өлім-жітімнің жалпы коэффициенттерінің айырмасы.
Туудың жалпы коэффициенті – бала туу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1 000 халыққа шаққанда есептеледі.
Өлімнің жалпы коэффициенті – халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1 000 халыққа шаққанда есептеледі.
Нәресте өлімінің коэффициенті – 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1 000 тірі туғандарға есептелінеді.
Некелер мен ажырасулар (некенің бұзылуы) туралы мәліметтер АХАТ органдары жасаған азаматтық хал актілерінің деректерін жыл сайынғы статистикалық өңдеу, сондай-ақ некенің бұзылуы туралы сот шешімдері негізінде алынады. Кестедегі деректер АХАТ органдарында тіркелген неке жағдайларын ғана қамтиды.
Неке мен ажырасудың жалпы коэффициенттері халықтың орташа санында күнтізбелік бір кезеңде тиісінше некелескендер және ажырасқандар санының қатынасымен есептеледі.
11 тамыз 2025 ж. 289 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 143

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031