Ұшпа доптан облыстық турнир өтті

Волейбол – ағылшын тілінен аудар¬ғанда «тор үстіндегі доп» дегенді білдіреді. Сондықтан оны «тордоп» деп қазақшалап қолданған кездеріміз де болған екен. Ағылшындар алғаш рет қол добы деп ойлап шығарған бұл спорт түрі бүгінде кеңінен таралып, Олимпиада, Еуропа, Азия чемпионаттары, халықаралық жарыстармен қатар әр елде ішкі чемпионаттар дәстүрлі түрді өткізіліп келеді. Әрбір аудан, ауыл-аймақ, елді мекеннен топ жарған жастар өңіріміздің мерейін асырып жүр. Ай сайын ақжолтай хабардың, жерлестер жеңісінің куәсі болып жүрміз. Ал аудан мерейін асырып, ептілігімен көзге түсіп жүрген спортшыларды дайындайтын жаттықтырушылары бар. Олар шәкірттеріне тек тәжірибесі мен жөн сілтеп қана қоймайды. Олар спортшыларды ептілікке, шалттыққа, волейболдың қыр-сырына қанықтырып шыңдайды. Сондай жаттықтырушыдан тәлім алып, ептілігін шыңдаған ұшқыр боп ойыншылары осы еске алуға арналған облыстық турнирде бақ сынады.
Турнирді Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов салтанатты түрде ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Жалпы ұшпа доп бәсекесіне Қызылорда қаласынан және аудандарынан 7 команда қатысты. Нәтижесінде І орынды Қызылорда қаласының командасы жеңіп алды. Ал ІІ орын Құмжиек ауылына бұйырса, ІІІ орынды Жаңақорған ауданы қанжығасына байлады.
Жарыста жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар Қазалы ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің диплом және медальдарымен, демеушілердің қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Айнұр ӘЛИ